Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 27 ақпан. Baq.kz Бүгін Алматы қаласында «Арман» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы түсірген «Жеңіс семсері» атты балаларға арналған фильмнің тұсаукесері өтті. 

Фильмнің режиссерлері: Әсия Сүлеева мен Әнуар Райбаев. Ертеңнен бастап аталмыш кинотуынды еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұсаукесер салтанатында картинаның режиссерлері фильмнің балаларға арналғанын және отбасымен бірге тамашалауға болатынын атап өтті.

«Әр бүлдіршіннің бойында нағыз батырға тән қасиеттер — ержүректікк пен қайсарлық бар екенін бәріміз де жақсы білеміз. Фильм әзілге толы. Осындай езу тартқызар сәттер арқылы көрерменнің көңілінен шығамыз деген ойдамыз», — деді фильмнің режиссері Әсия Сүлеева.

Кинолента қиял-ғажайып ертегі жанрында түсірілген. Семсерін іздеген Арыстан батыр уақыт пен кеңістікті көктей өтіп, қазіргі заманға тап келеді. Оның семсерін ауыл баласы Айтуар тауып алған еді. Арыстан мен Айтуардың кездескен сәтінен бастап шытырман оқиғалар өрби жөнеледі. Фильм идеясы жас өскін ұрпақты Отанды сүюге, өз халқының тарихын білуге және қастерлеуге шақырады.

Батырдың рөлін «Келін» және «Сардар» фильмдері арқылы танылған астаналық актер Ержан Нұрымбет сомдады. Басты кейіпкер Айтуармен достығы нығая түскен ол, бүлдіршінді қашанда шындыққа жақ, қамқор болуға және ештеңеден қорықпауға шақырады.

Жоңғардың рөлін «Монғол» фильміне түскен, Джеки Чан қатысқан «Үлкен солдат» фильмі арқылы көрерменге жақсы таныс, монғолдың атақты актері Хонг Тонг Бату сомдады. Сонымен қатар, «Жеңіс семсері» фильміне танымал актер Болат Қалымбетов («Жиде», «Секер») және Әзиз Бейшеналиев те(«Мұстафа Шоқай», «Ликвидатор») түсті.

«Жеңіс семсері» кинотуындысы 2010 жылдың жаз айларында Алматы және Жаркент қалалары төңірегінде түсірілді. Картинаны әсем әуенмен кестелеген талантты композитор Әлиби Мәмбетов. Фильмде қолданылған әуендерді композитордың басқаруымен симфониялық оркестр орындағанын айта кеткен жөн. Тағы бір жайт, фильмді түсіру барысында «Номад» каскадерлер тобы және сол топтың негізін салушы Жайдарбек Күнғожинов (фильмде батыр баланың әкесін сомдаған) барлық трюкті абыроймен орындап шықты.

Бұл кинотуынды — танымал қоюшы оператор Болат Сүлеевтің соңғы жұмысы

 

http://www.baq.kz/news/23939

 

Рубрика: