Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгінде, Қазақстан көшбасшысының қойған міндетіне сәйкес, «Нұр Отанның» Парламенттегі депутаттары, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесіп, «Коррупцияға қарсы тұру туралы» жаңа тұрпатты заңның жобасын пысықтауда. Бұл жоба елді елең еткізерлік жаңалықтарға толы.


Қазақ елінде қазіргі және бұрынғы барлық шенеуніктерге қатысты «досье» түзілетін көріне­ді. Сыбайлас жемқорлықпен кү­ре­с­­­ке тың қарқын, соны серпін, тіп­ті өктем пәрмен беруге тиісті жаңа заң жоба елімізде мемлекеттік қызметте бүгінде істейтін және бұрындары істеген барша тұлға­лар­дың жеке және кәсіби қасиет­тері, сондай-ақ олар жол берген заң бұзушылықтар, олардың жау­ап­­кершіліктің қандай түрлеріне тартылғандығы және мемлекеттік қызметтен кету себептері туралы мәліметтерден тұратын «Бірыңғай электронды деректер базасын» ендіруді көздейді. Тағы бір жаңалық: Конс­ти­ту­циялық кеңес төрағасы жыл сайын Парламентте Қазақ­с­тан­дағы конституциялық заң­дылық­тың сақталуы туралы жолдау жа­рия­­лайтыны мәлім. Енді дәл ос­ы­­­лайша, алда коррупциямен күрес­­ке жауапты құрылымның да «Қазақстандағы сыбайлас жем­қор­лықтың жай-күйі және кор­ру­п­­цияға қарсы саясат іс-шараларын жүзеге асыру туралы есеп» беруі ойластырылуда. Заң жобасында бұл – «жемқорлықтың алдын алу шара­л­ары» ретінде аталған. Бұған қоса, осындай шара ретінде елі­міз­де «коррупциялық тәуекелді тал­дау» атты жаңа тетік іске қосылуы ықтимал. Бұл ретте мемлекеттік орган­дар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің «кор­руп­цияға айрықша бейім» учаскелері анықталады да, оларға қатысты «коррупциялық тәуекелді талдау» жүзеге асы­ры­лады деп күтілуде. Жо­бада мұн­дай шараны жүргізу тәр­тібін Үкімет бекітеді деп көр­сетілген. Ал меморганның не жер­гілікті өзін-өзі басқару орг­ан­ы­­н­ың қандай да бір қызмет теліміне әлгіндей «жемқорлық талдау» жүргізу қажеттілігі туралы ше­шімді Қаржы полициясы қа­был­­дайды деп тұспалдануда (заң жобасында осылай айтылған).

Сыбайлас жемқорлыққа шын мәнін­де жойқын соққы беру үшін Елбасы бұл іске қоғамды кеңінен тартуды жүктеген болатын. Осы­ған сәйкес, «мемлекеттегі корруп­ция­­ға қарсы саясатты жүзеге асы­ру тиімділігін арттыру ма­­­­­қ­­­­­с­а­­­­тында» Қазақстанда «мем­ле­кет­­­тік және қоғамдық бақы­лаудан тұратын Бірыңғай бақы­лау жүйесі құрылады» делін­ген заң жобасының 9-бабында. Рас, қо­ғам­­дық ұйымдар қазірдің өзінде жем­қорлықпен күресте мемле­кет­ке қолғабыс етуге тырысуда. Бір­ақ алдынан «алтықабат арқан» болып керілетін әртүрлі тоспалар олардың қол-аяғын байлап-матап тастауда. Заң жобасын әзір­леу­ші­лер осы кедергілерді құлату үшін үлкен өзгерістерге баруға бекінген көрінеді. Мысалға, құжаттың 10-бабы бірқатар деректерді олар бүркемеленіп келген «ком­мер­ция­лық және банкілік құпия» сипа­тынан мүлдем айырмақ.  Атап айтқанда,егер бұл бап өтсе, онда жергіліктісі, шетелдігі, респу­бликалығы бар, барлық кәсіпкерлер мен компаниялардың әкімдерге және өзге де шенділерге беретін қайырымдылық және басқа да көмектерінің түрлері мен ол қаржының мөлшері егер қоғам­дық ұйым сұраса, бұдан былай жар­ия етілуге жатады. Сондай-ақ әкім­қаралар және өзге де билік­тегілер (заң жобасында «мем­лекет­тік функцияларды атқаратын лауазымды және өзге тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестірілген тұл­ғалар» деп атап көрсетілген) өзі­нің әйелін (ерін) және жақын туы­с­тарын жұмысқа алғандығын, сондай-ақ олармен бюджет қар­жысына қандай да бір қызмет көр­сету не жұмыстарды орын­дау ­бойынша азаматтық-құқықтық келі­сімшарт бекіткендігін қоға­м­нан жасырып қалмауға тиісті. Заң жобасында бұлардың барлығы «конфиденциалды болып табыл­май­­тындығы және коммерциялық немесе банкілік құпия бола ал­май­тындығы» қолмен қойғандай жаз­ылып отыр.

Қазақстанда енді ірі кор­ру­п­ционерлерді құрықтауға көмек­тескен адамдар туралы барлық ақ­парат «мемлекеттік құпияға» жатқызылатын болады. Бұл үшін ұлттық заңнамаға «сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы тұруға жәрдем көрсеткен тұлғаларға» мемлекет беретін кепілдіктер ендірілгелі отыр. Жемқорлыққа қарсы тұру ту­ралы жаңа заңда ол кепілдіктерге үлкен орын берілуде. Атап айт­қанда, осы заң жобасының 15-бабында «коррупциялық құқық бұзушылық фактісі туралы хаба­р­лаған немесе өзге де тәсілмен кор­рупциямен күреске жәрдем көр­сетуші тұлға мемлекеттің қор­ғауында болады» деп нақ жазы­л­ған. Ал осы баптың екінші тар­мағы жемқорлардың «шортанын» торға түсіріп берген тұлғаның кім екендігін білетін құқық қорғау органдарының және басқа меке­мелердің қызметкерлеріне мін­дет­­теме артады: егер олар әлгі адам туралы ақпарды «отыз екі тіс­­тің арасынан» шығарып ал­са,жаза тартады.

«Коррупциямен күресте жәрдем көрсетуші тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және тек аталмыш заңның 12-бабының 2-тармағында көрсетілген (яғни коррупцияға қарсы тұрушы–авт.) органдардың немесе соттың сұрауымен ғана ұсынылады. Бұл ақпаратты жария ету заңмен белгіленген жауап­кер­шілікке соқтырады» делінген заң жобада. Бір қызығы, Қазақстанда халық қазынасы мен ел қаржысын талан-тараж етуші пайдакүнем, парақор шенділерді ұстап беру «табысты іске» айналатынға ұқсайды. Қазірдің өзінде Эко­но­ми­калық қылмысқа және сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі парақорларды қолға түсіріп бергендерге қаржылай сыйақы қарастыруда екен. Ал мына жаңа заңмен мұндай ын­та­ландыру заң жүзінде рәсімделмек. Қазірдің өзінде сарапшылар он­дай «принципті» тұлғалардың алар сыйақысын соның көмегімен қолға түскен пара не талапай бо­лу­дан сақтап қалынған ел қар­жысы көлеміне тәуелді етуді, яғ­ни соның қанша пайызын ала­тындығын заңмен бекітуді ұсынуда. Осы заң қабылданысымен, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлау әрбір мемлекеттік қызметшінің мін­де­тіне айналады. Рас, «қылмыстық әлем» жаргонында бұл «тоқыл­дақтық» («стукачество») деп ата­ла­тыны бар, ал заң бойынша ол – Отан алдындағы адалдықтың белгісі. «Мемлекеттік органның басшысы коррупциялық құқық бұзушылықтардың, өзін аталмыш бұзушылықтарды жасауға итер­мелеудің шынайы жағдай­лары туралы хабарлаған мемлекет­тік қызметшіні қудалаудан қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндетті» делінген жобада. Әрине, сол меморганның бас­шы­сының өзі ұйымдасқан қыл­мыстық топтың«серкесі» болып шығуы ғажап емес. Мұндайда мем­лекет қорғау мәселесін өз қолы­на алып, тіпті куәгер тұлғаға оқ­қағар беруі, үйі мен отбасына күзет қоюы мүмкін екен. Бұл турасында заң жобасында «қажет болған жағдайда» құзырлы орган­дардың ондай тұлғалардың «жеке қауіп­­сіздігін қамтамасыз ететін­дігі» нықталады. Рас, осындай барлық мем­лекет­тік кепілдіктер «қасақана жал­ған ақпаратты хабарлаған тұл­ғаларға та­ра­л­майды»! Биліктегі жо­ғары ла­уазымды тұлғаның абыройына дақ түсірген ондай қарау ниеттілерді қайта мем­лекеттің өзі қудалайтын болады.

Жалпы, қолы ғана емес, ойы да арам шенділердің, мем­лекеттік қызметке заңсыз баю мақ­сатында ұмтылатындардың үрейі шындық­қа айналуы ық­тимал. Жақында ел Парламенті құқық қорғау орган­дарына қызметке тұру­шыларды тек «жалғандық де­текторынан» өт­кен соң ғана қабыл­дауды талап ете­тін заңға өмі­р­ге жолдама бер­гені мәлім. Ал енді сыбайлас жем­қорлыққа қарсы тұру туралы жаңа заң жобасында «корруп­циялық құқық бұзушылықтар жа­сау тәуекелі жоғары», яғни қолы­нан бюджеттік мол ақша өтетін лауа­зымдарға тағайындау кезін­де, кандидаттың по­ли­гра­фологиялық зерттеуден өтуін мін­деттемек! Бұл заң жоба ерлі-зайып­тыларға және туған-туыстарға мем­лекеттік бір мекемеде бірге жұ­мыс істеуге тыйым салуды қарас­тырады. Заң жобасында мемлекеттік фун­к­­цияларды орындайтын бар­­лық тұлғалардың «сыйлықтар қа­бы­лдауына тыйым салынғалы» отыр. Рас, осыны талап ететін 22-баптың 2,3 тармақтарында ола­рға хаттамалық немесе өзге де ресми іс-шараларды өткізу кезінде тек құны 10 айлық есе­п­тік көрсет­кіш­тен аспайтын (18 мың теңгедей) сим­во­ли­ка­лық ықылас белгілерін және си­м­воликалық кәдесый-сув­е­нирлерді, сондай-ақ дип­ло­ма­тия­лық сыйлықтарды алуға рұқ­сат етеді.

Қазіргі кезде қолданыстағы заң мемлекеттік қызметке тұр­­ғандарды соған дейін жүр­гізген бизнесінен қол үзуге мәж­­бүр­лейтіні мәлім. Жаңа заң жо­басын әзірлеушілер одан әріге баруға «бекініпті»: егер ол қа­былданса, мем­лекеттік қыз­метшілерге тіпті мем­л­екеттік қы­з­меттен кеткен соң да, бе­л­гіленген мерзім бойы, бұған дей­інгі өз өкілеттіліктерін орын­даумен тікелей және жа­на­ма байланысты болған қы­з­метпен айналысатын ком­мерциялық және ком­мер­ция­­лық емес ұйым­дарға жұмысқа тұруға тыйым салы­на­ды! Осылайша «мүдделер қақт­ы­­ғысының алдын алуға және рет­­теуге» ұмтылыс жа­са­лу­да. Бұл та­лап айналасында алда әлі талай та­лас-тартыстар өрбитіні даусыз. Өйткені құқық қорғау орган­да­рында қызмет еткен тұлғалардың артынша әлдебір ұйымның «қауіп­сіздік қызметінің» басш­ы­лығына шақыры­латын­дығы, БҒМ жүй­е­сіндегі шенді­лердің әлдебір оқу орнында орын сайлап, «көшіп» алатын жағдай­лары си­­рек емес. Енді оған тыйым са­лын­са, олар қайда барады?

Әрине, талап-жауап­кер­ші­лік­тің күшеюімен бірге ын­таландыру шаралары да артпақ. Әйтпесе мемлекеттік қызметтің тар­тым­ды­лығы азайып кетер еді. Бұл рет­те заң жобасында «тиісті ла­у­азым­ның өкілеттігі мен жа­­­уа­­п­­кер­шілігіне қарай мате­ри­а­л­­­дық негізін және әлеуметтік ке­піл­­діктерін» қарастыру көз­­делуде.

Айхан ШӘРІП

http://www.aikyn.kz

Рубрика: