Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Семейдегі Абай атындағы әмбебап кітапхананың директоры мен бас есепшісі бюджеттің 3 млн. теңгесін жымқырған. Бұл туралы Altaynews.kz тілшісі хабарлады.

Семейдегі №2 қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, мұнда директор мен бас есепші өзара қылмыстық келісімге келіп, 2010-2013 жылдар аралығында іс жүзінде мекемеде жұмыс жасамаған адамдарға ақша аударып келген. Алаяқтар өздерінің жымысқы әрекеттерін жалған құжаттар толтыру арқылы жүзеге асырған. Нәтижесінде қызмет бабын пайдаланған екі әйел бюджеттің өздеріне сеніп тапсырылған 2 999 731 теңгесін қолды еткен.
Қазір кітапхананың бұрынғы қызметкерлеріне қарсы Қылмыстық кодекстің 176-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық.іс қозғалды. Бұдан бірнеше күн бұрын сот өз үкімін де шығарды. Семей №2 қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұрынғы директор мен бас есепшінің әрбірі 5 жылдан бас бостандығынан айырылған. Алайда, Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданыла отырып, олардың жазасын 3 жыл мерзімге шартты және сынақ мерзімімен белгілеуге шешім қабылданды.
Сәкен Майлыбай.

 

http://www.egemen.kz

Рубрика: