Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

40e-300x199Түркі халықтарының түп-тегі ежелгі түркілік хұн, сақ тайпаларынан бастау алатынына айғақ болатын археологиялық, дәстүр-салттық, антропологиялық және басқа да салалар бойынша деректемелік заттық-рухани мәдениет сәйкестіктері жетіп артылады. Бірақ осыларға негіз болатын бірегей дәлел – сол тайпалардың қалдырған жазба ескерткіштерінің түркі тілінде, әсіресе көне түркілік төл әліпбиінде жазылуы екені даусыз. Осы тұрғыдан алғанда төменде ұсынылып отырған жазба деректер Түркі қағанатын құрушы тайпалардың тікелей қазақ халқына тән екендігін дәлелдейді.

Түркі қағанатын құрушы тайпалардың түп-тегі құнқтар (хұн – күн) екені қытай жазбаларында көрсетілгені аян. Түркілер өз жазбаларында қытайды табғач деп атайды. Бұл табғачтар қытайдың алтын-күміс, жібектеріне алданған, арбалған құнқ-түркілер екендігі көп дәлелді қажет етпейді. Бір ғана дәлел: табғач сөзі түркілік тапуғқач// тапуғқыч (қызметші, сыйынушы (өз елін сатушы қашқын, сатқын мағынасында) сөздерінен пайда болғанын келтірсек те жеткілікті болып саналады. Тап сөзі көне түркілік қызмет ет, сыйын мағынасындағы сөз. Түркілер өз қағынан жеріп, қытайларға арбалып, оларға қызмет қылғандарды жек көріп солай атаған. Олар алғашында түркі тілінде сөйлеп, кейін біртіндеп құрттай құжынаған қытайдың тұқымына сіңісіп кеткен. Осы тәсілмен қытайлар құнқ мәдениетін өзіне сіңіріп, жоқтан бар болған деп тұжырымдауға болады. Түркілер қытайдың белгілі бір ұлттық немесе мемлекеттік атауын келтірмейді. Себебі бұрын оларда ондай бір белгі, нышан болмаған. Қытайлар өздерін хань дейді. Арабтар син (шин), еуропалықтар осы арабшаның өзгерісімен чайн(а) деп атайды. Бұлардың бәрі де түркілік құнқ (қанқ) // санқ (сыйнқ// чыйнқ) – күн атауының сәйкес түрлері. Бұлар Оғыз қағанның үлкен ұлы Күннен тара­ған ұрпақтар, б.д.д. 10000-6000 жылдардан бері күннің қиыр шығысын жайлап, мекен еткен түркілік тайпалар.
Қытайдың жеке ұлт болуы және оның жоғары дамыған мемлекет құруы ежелгі түркі тілдес құнқ тайпаларының арқасында жүзеге асқанын олардың өздері де мойындайды. Олардың негізгі физиономиялық бет-бейнесі, қысық көзділік солтүстіктің қарлы өлкесінде ғұмыр кешкен халықтарға тән белгі. Бұл – жыл бойы айнала ақ қар болғандықтан, күн сәулесі шағылысып, көзді көп ашуды қажет етпейтіндіктен болатын табиғи физиологиялық құбылыс. Солтүстік халықтарының табиғат әсерінен көбею қабілеті төмендейді. Сондықтан да олар үйлеріне қонған шет жерлік халық өкілдерінен тұқым алып қалу үшін олардың қойындарына әйелдерін немесе қыздарын салатын болған.
Ал түркі халықтарының өмір сүретін мекені табиғи дамуға, күш-қуатының толысып, нығаюына толық мүмкіндік беретін қоңыржай далалық өлке еді. Бұндай кең өлкеде өмір-тіршілігіне көп күш жұмсауды қажет етпейтін мал шаруашылығы өте қолайлы екені дау тудырмайды. Олар Нұқ (алайһи – с-салам) пайғамбар заманынан бері ұлан-ғайыр өлкеде емін-еркін тіршілік кешіп келе жатқан, отырықшылықты да, көшпелілікті де қатар ұстаған, мәдениеті дамыған, шумер иероглифінен бастау алып, көне түркі күл (руна) әліпбиіне дейін даму жолынан өткен жазуы бар өркениетті ел болды. Қытайдың бабалары түркілерге құл болып қызмет жасады. Олардан көп тәлім алды, олармен тұқым алмасып тегін асылдандырды. Ұлттық тегін нығайтып, сөздеріне сай иероглифті жазуды қабылдап, барлық өздеріне қажетті мәліметтерді түркілерден алып, жазып отыруды үйренді. Сол әдет әлі күнге жалғасып келеді. Сөйтіп, олар қазіргі деңгейге көтерілді.
Ұлы Көктүрік қағанатын құрушы тайпалардың ішінде қыпшақтың да үлесі бар деген пайымды тудыруға Мойын шор – Могойн Шине Ус жазба ескерткішіндегі өшкен әріптерді қыбчақ деп қате болжаммен оқу себеп болған еді. Ол сөздің құнчақ болып оқылуы тиістігі (Бекжан О. Көктүрік қағанаты // «Жалын», 2010, № 12, 74-80-бб. (желтоқсан) жөнінде біз өз пікірімізді білдірген болатынбыз. Егер ол сөз қыбчақ болып жазылған болса, тек бір ғана жерде жазылып қалмайды, тағы да көптеген тұстарда жазылатыны сөзсіз. Бұл тұрғыда құнчақ елесімінің (этноним) көне түркі жазба ескерткіштерінің тағы да басқа жерінде жазылғаны белгілі болып отыр. Қыпшақ тайпасы Көктүрік қағанатын құрушылардың бірі болды деген ой жазушы-зерттеуші Қ.Салғараұлына (Салғараұлы Қ. Бумын қаған және Істімі қаған // «Егемен Қазақстан», 2002, № 187-188, 197, 199-201 (Тамыз) Түркі қағанатының тарихын зерттеуге үлкен түрткі болды десек қателеспейміз. Бұл еңбектер қыпшақ тайпасының Көктүрік қағанатын құруға қатысқанын дәлелдей алмаса да, қағанат тарихын зерттеуге қомақты үлес болып қосылғанын атап өтуіміз қажет.
Қ.Салғараұлының көктүріктер тарихына қатысты деректерді Қытай жазба ескерткіштерінен алып, өзінше жүйелеп, кітап етіп бастыруы, сөйтіп, онымен қазақ зерттеушілерінің еркін танысуына жағдай жасауы үлкен құрметке лайық жұмыс деуге болады. Оның бұл деректерін Бумын-Боджман қағанның ата-тектерінің кім болғаны туралы еңбегімізде (Бекжан О. Көктүрік қағанаты // «Жалын», 2010, № 12, 74-80-бб. (желтоқсан) пайдаланған едік. Ол жолы тек Бумын-Боджман қаған туралы пікіріне зер салсақ, қазіргі жұмысымызда Істемі жабғы туралы пайымына тоқталып, көтерген мәселелері жайында тұжырым жасауды мақсат еттік. Ол мәселелердің бірі әрі негізгісі Істемі есімінің дұрыс айтылуы және жазылуы тұрғысында болады. Қ.Салғараұлы өз еңбектерінде (Салғараұлы Қ. Ұлы қағанат. Астана, «Фолиант», 2008, 217-218-бб.) «Істемі есімі әртүрлі аталып жүр, соны бір ізге түсірейік, оның есімі Істімі, көне түркі жазба ескерткіштерінде солай жазылған, ол Батыс Түрік қағанаты құрамындағы он оқтың бірі, қазіргі қазақ тайпасы Ыстыға қатысты» деген пікір айтады. Сондай-ақ есімнің соңғы мі буыны үйсіннің күн-ми лауазымындағы ми бөлігімен сәйкес, ол қазақтың би сөзімен де түбірлес деген пікірін де білдірген. Оның Көктүрік қағанатын қыпшаққа қатыстыру ниетінің барлығына дәлел ретінде мына пікірін толық келтірейік: «Осы ретте қашан Түрік қағанаты құлағанша Істімі қағанның ұрпақтарының еншісінде болған он оқ халқының біреуінің «ысты» аталатыны және оның таңбасының қағанаттың негізін қалаған ежелгі қыпшақ тайпаларының «көсеу» деп аталатын көне таңбасымен бірдей болуы да біраз ойға жетелейді. Тайпа атауының өзінің билеушісінің атымен атала беретіні де түркі халықтарында бар дәстүр». Жазушы-зерттеушінің «қыпшақ тайпасы Тү­рік қағанатын құруға қатысты» деген пікірі жоғары­да айтылғандай құнчақ сөзінің қыпшақ болып жаңсақ оқылуынан туындаған. Сондай-ақ Бумын-Боджман қағанға қатысты еңбегімізде (Бекжан О. Көне түркі күл жазуындағы белгісіз екінші кірігіңкі дауыссыздардың мағынасы мен таңбасы // «Түркология», 2011, № 3, 13-б.) айтылғандай Істемі Боджман қағанның інісі болғандықтан, оның ысты мен қыпшақ тайпаларына қатысы жоқ.
Қ.Салғараұлының Түркі қағанаты туралы Қытай деректерінен алған мәліметтері өзге зерттеушілерге аз септігін тигізіп жатқан жоқ. Оның еңбектері Н.Л.Бичуриннің және басқа да деректанушылардың еңбектеріне қосымша дереккөз ретінде пайдаланылып отыр. Қ.Салғараұлы өз еңбегінде (Салғараұлы Қ. Бумын қаған және Істімі қаған // «Егемен Қазақстан», 2002, №187-188, 197, 199-201 (Тамыз) Істемінің атының дұрыс жазылмай жүргені және оның қаған болғандығы немесе болмағандығы жайындағы үлкен мәселелерді шешуді өзі де мақсат еткен және ол туралы өзге зерттеушілерге де ой тастап отырғаны даусыз. Ол Істемінің аты туралы «Жаңа Таң кітабында» («Сиңтаңшу»): «… үлкені – Тумын Или қаған (Ел қағаны), кішісі – Шідиәнми («Сідими» деп те атайды)» (Салғараұлы Қ. Ұлы қағанат. Астана, «Фолиант», 2008, 201-б.) деген дерек келтіреді. Бұл есім Н.Я.Бичурин еңбегінде (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. І т. Алматы, ТОО «Жалын баспасы», 1998, 294-299-б.) екі жерде кездеседі. Онда «Жаңа Таң кітабындағыдай» кімнің баласы, кімнің інісі екені айтылмайды, тек Батыс Түрік қағанатында болған екі ханның бабасы ретінде түсіндіріледі. Біріншісінде: «Хэлу Шидяньми – ханның бесінші ұрпағы еді» десе, екіншісінде: «Ашина Мише де Шидяньми – ханның бесінші ұрпағы, ол мұрагерлік жолмен келе жатқан Мохэду Шеху болды» дейді. Мохэду – баһадүр, шеху – жабғу дегенді білдіреді. Бұл мұрагерлік жол Істеміден басталғаны аян және тек Істемі ұрпақтары ғана мұрагер болады дегенді білдіреді. Ал Істемі-Шідиәнмиді хан деу кейінгі кездегі Батыс Түрік қағанатының жеке ел болған кездері жабғуды хан деп айтудан қалыптасқан деп ойлаймыз.
Қ.Салғараұлы бір пікірінде: «Көне түркі жазбасында Істм сөзінде дауысты жазылмайды. Олай болса ол Істімі болып айтылуы керек қой» дейді. Бұл пікірінде ол өзінің көне түркі күл (руна) жазуының заңдылығын білмей пікір айтып отырғанын сезбейді. Оның пікірінше оқысақ, онда есімді Ісітімі деп те оқуға болады. Көне түркі күл жазуының заңдылығы бойын­ша Т әрпінен кейін Е әрпін де қойып оқуға болады. Бұл жерде бұрынғы зерттеушілер түркі тіліндегі есімдердің айтылуына зер салып, соған сәйкес келетін дыбысты қоюға тырысқан деп ойлауға болады. Қазақ тілінде Естемес деген ат болды, В.В.Радлов (Радлов В.В. Атлас древностей Монголии С. Петербург, 1892 // Moğolistan Tarihi Eserleri Atlası «TİKA», Ankara, 1995, 18-б.) Істемі деп оқығанда осыны ескерген болуы керек. Қ.Салғараұлының келтірген Шідиәнми есіміндегі Н дыбысы бізге ой салды. Осыдан соң Күлтегін жазуында қалай жазылған екен деген сұрауға жауап іздеп зерттеген кезде үлкен жаңалыққа тап болдық. Бумын-Боджман қаған есімін қарастырғанда Істемі атауында ондай шешілмеген мәселе бар деген ой болмады. Ал Шідиәнмидегі Н нені білдіреді деп зерттеген кезде атаудың күрделі графема бойынша жазылғаны мәлім болды. Бұрынғы ІС²Т²еМІ болып оқылған есімнің алдындағы еЧҮМ аПАМ болып оқылған таңбалар да күрделі графема бойынша жазылған екен. Күрделі графеманы шешіп, бөліп оқығанда еЧҮМ еР² аЛП аПАМ болып оқылатыны анықталды. Ары қарай ІС²Т²еМІ сөзіндегі Т² таңбасы әрі Қ¹ болып оқылатындай болып жазылған. Бұл Қ және алдындағы С² таңбалары жоғарғы жолдағы Т²ІЗЛ²іГіГ сөзіндегі З таңбасына жалғасқан. Сонда бұлар ҚОЗҰҚҚҰЛ және ІСіЗ (асыл) болып оқылуға лайықталғаны аңғарылады. Т² таңбасының үстіне
дыбыстарының таңбалары біріктіріліп жазылғаны анықталды. Жуан Б¹, С¹ таңбалары үстіңгі жолдағы ТІЗЛіГіГ (тізелісін) сөзінің алдыңғы Г дыбысына жалғастырыла оқылуға сәйкес біріктірілген. ІСТеМІ сөзінің соңындағы І болып оқылған таңба жуан Т⁴ таңбасы екені мәлім болды. Таңбаның үстіне әрі Б², әрі НҚ болып оқылатын таңба салынған, ол жоғарыдағы Г таңбасына және оң жағындағы Р¹ таңбасына жалғастырылған. Бұл да күрделі графема, олар мынадай жай таңбаларға бөлінеді:
Жазудың бұрынғы оқылымы:
Транскрипциясы: К²ІС²І ОҒЛ¹ЫНТА ҮЗЕ еЧҮМ аПАМ Б¹УМыН¹ Қ¹аҒаН¹ ІС²Т²еМІ Қ¹аҒаН¹ ОЛ¹уР¹МыШ.
Сөйлемнің соңындағы бұрын ОЛ¹уР¹МыШ болып оқылған сөзде жалаң Р дыбысы емес РТ бірігіңкі дыбыстар таңбасы жазылғаны белгілі болды. Жазудың жаңадан оқылған күрделі графемалы және жай таңбалы түпнұсқасын, транскрипциясын келтірейік:

ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕГІ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕР

Транскрипциясы: К²ІС²І ОҒЛ¹ЫНТА ҮЗЕ еЧҮМ еР² аЛП аПАМ Б¹ОДЖ⁴МаН¹ Қ¹аҒаН¹ ІС²іЗ ІС²Т²ЕН²МӘН² ДЖ³АБ²ҒҰУ Қ¹ОЗҰҚ¹Қ¹ҰЛ¹ Қ¹АҒАН¹ МӘУК⁴ҮН Қ¹АҒАН¹ АР¹С¹Л¹АН¹ Б²ЕГ Й¹ҰҒҰР¹ҰЧ Т⁴ОНҚ Б²ЕГ Қ¹аҒаН¹ Т²еГ еР² Б²еГЛ²еР² ОЛ¹ұуРТыМыШ

Аудармасы: Адам баласының үстінде ер, алып бабам Боджман қаған, асыл Істенмән джабғу, Қозұққұл қаған, Мәукүн қаған, Арыслан бег йұғұрұш, Тонқ бег қаған тектес ер бектер отырған.
Жаңа оқуға сәйкес Істемі есімі Істенмән болып оқылды. Бұның қазақша Істен болып оқылуына қытайшадағы Шідиән // Сідиән түріндегі жазбаның әсері тиді. Сондай-ақ Т² таңбасы төбесіне көлденең жазылған Н² таңбасына тіреле жазылған. Сондықтан таңбалар Істемі болмай, ІСТеН болып оқылуға тиістілікті білдіреді. Ал одан кейінгі МәН² сөзіндегі М да жоғарыдағы Н² таңбасына тіреле жазылған, соған сәйкес таңбалар мән болып оқылады. Істен сөзі Солтүстік Кавказдан табылған көне түркі жазба ескерткіштерінде жазылған, оның мағынасын С.Я.Байчоров (Байчоров С.Я. Древнетюркские рунические памятники Европы. Ставрополь, 1989, 79, 81, 86-б.) Тәңір, Құдай деп түсіндіреді. Біздіңше бұл сөз Үст Тен(//тән) деген екі сөзден құралған. Үст жоғары, жоғарғы деген мәнді білдірсе, Тән Тәңірі< Тәнк+кір сөзімен түбірлес сөз. Ол сондай-ақ аспан, көк мағынасын да білдіреді. Ман // мән (<манқ) сәйкес сөздері адам, кісі мағыналарында да қолданылған. Ондай жағдайда Істенмән есімі Тәңірі ұлы немесе Көктің ұлы мағынасын білдіреді. Бұл есім Қоңырат тайпасының бір бұтағы Көктің ұлы тайпасымен сәйкеседі. Қытай патшалары да құнқ (хұн) тектес тайпалардан қойылып отырған. Сондықтан да олар патшаларын үнемі Тәңірі ұлы деп атаған. Істенмәннің ағасы Боджман есімі де осы мағынаны білдіреді. Бодж// боч// боқ [(орысша – бог) бақ, бек)] сәйкес сөздері бонқ // банқ сәйкес сөздерінен қысқарған. Бұл да Тәңірі ұлы немесе Көктің ұлы мағыналарын білдіре қолданылған. Тіліміздегі Аспан сөзі Үстен // Істен сөзімен сәйкеседі. Ас сөзі Үст // Аст сәйкес сөздерінен қысқарған, ал пан жоғарыда келтірген банқ сөзінің панқ түріндегі сәйкес нұсқасы. Пан/ бан нұсқаларының Тәңірі, Көк мағынасы да бар. Сондықтан Аспан сөзі Жоғарғы Тәңірі мәнін де білдірген. Сонда ұлұқ жабғу Тобун ұлдарының есімдерін мағыналарын сәйкестіре және ұйқастыра қойғаны мәлім болады. Айта кетерлік бір жайт, осы есімді Л.Н.Гумилев те (Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1993, 464-б.; Москва, 2004, 65-67-б.) өз еңбегінде Истэн деген сөзді келтіріп, оның мағынасы угордың «дух, предок» (аруақ, ата-баба) сөздерінің мәнін білдіреді дейді, одан ары Істенмән мен оның қарамағындағы тайпалар угор текті халық өкілі деп те болжаған екен. Біз бұл пікірді өзіміздің болжамымыздан кейін ұшырастырдық.
Істенмәнге қатысты негізгі мәселелердің бірі «ол қаған болды ма, жоқ болмаса жабғы болып қалды ма» деген сұрақ болып табылады. Қ.Салғараұлы «Жыу кітабында» «Тумын қайтыс болған соң орнына баласы Кыло таққа отырды, ол Кыло «Исижи қаған» деп аталды» деген дерек жазылған дейді. Бұл қытай хатшыларының Білге қағанды Қапаған қағанның баласы деп қателескендей болған тағы бір қате, өйткені «Сүй кітабында»: «Тумыннан кейін інісі И қаған таққа отырды. Ұзамай ол да аурудан қайтыс болды» деген деректі дәлел ретінде ұсынады. Шындығында қателескен «Жыу кітабы» емес, сол «Сүй кітабы». Себебі онда інісі деген қатемен қоса Исиги // Исижи деген есімді де И деп қате жазған. Ал И иероглифі мен Исиги иероглифтерінің қандай сәйкес болмайтынын Қ.Салғараұлы бізден гөрі жақсы білуге тиіс. Бірақ оның бұған көңіл аударғысы келмеген, яғни, өз ойының жетегінде кеткен.
Қ.Салғараұлы Істенмәннің қаған болғанды­ғына Күлтегін жазбасындағы «Бумын қаған Істемі қаған олурмыш» деген сөздерді дәлелдердің негізгілерінің бірі ретінде ұсынады. Ескерткіште інісі болғандықтан Боджман қағаннан кейін Істенмән жазылған. Бірақ зерттеушілер күрделі графеманы аңғармаған, содан Істемі болып оқылып кеткен. Күрделі графеманың ішінде ДЖ³, Б¹, Ғ, ҰУ таңбалары да оқылатындай болып жазылған. Сондықтан Істенмән сөзінен кейін джабғу деп оқуға болады. Қ.Салғараұлы Н.Я.Бичуриннің 1950 жылы шыққан кітабына сілтеме жасап, «Бумын қаған өлгеннен соң інісі Ай – хан таққа отырды» деген деректі (Салғараұлы Қ. Ұлы қағанат. Астана, «Фолиант», 2008, 212-б.) келтіреді. Бірақ Н.Я.Бичуриннің Алматыдан 1998 жылы шыққан кітабында (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. І т. Алматы, ТОО «Жалын баспасы», 1998, 232-б.) Тумынның баласы Коло таққа отырды деп жазылған және бұл кітап 1851 жылы шыққан (Санкт-Петербург) кітаптан алынғанын білдіріп, кітаптың суреті берілген.
Н.Я.Бичурин Исиги Коло қайтыс болған соң, оның баласы Шетуді отырғызбай, інісі Муюй хан Кигиньді таққа отырғызды (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. І т. Алматы, ТОО «Жалын баспасы», 1998, 232-б.), ол сондай-ақ Яньду деп те аталды дейді. Л.Н.Гумилев Янь­ду сөзінің мағынасын «Жеңімпаз» деп түсінді­реді. Сонымен бірге ол Муюй дұрыс оқылмаған, дұрысы Мугань дейді және Ниету атын да Шету деп береді. Сөйтіп, Қ.Салғараұлы Исиги Коло деген кісіні тарихтан сызып тастайды. Ол кей еңбектерде қате жазылып кеткен Боджман қағанның інісі Істенмән, ал тарихшылар айтып жүрген, Батыс Түрік қағанатында 576 жылға шейін жабғу болған Істенмән емес, әрі қаған, әрі жабғу болған Мугән деген қорытынды жасайды. Ол Мугән қаған болғанға дейін қытай жазбаларында «Сыдоу», «Сыжин» аталған дейді. Осы ат парсылық деректердегі Сизибулға ұқсайды, соған қарағанда тарихшылардың Дизабул, Сизабул Силзабул атап жүрген кісісі Мугән қаған болуы мүмкін. Олардың қайтыс болған жылдары да 572 жыл деп түсіндіреді.
Шындығында Қ.Салғараұлы қате тұжырым жасаған. Ол есімдерді дұрыс атауға мән беретін қытайлықтарда Дизабулға сәйкес келетін атау жоқ (Салғараұлы Қ. Ұлы қағанат. Астана, «Фолиант», 2008, 216-б.) деп кесіп айтады. Ал Л.Н.Гумилев қытайша Істенмәннің Шисин було – кэхань (Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1993, 464-б.) деген есімін келтіреді. Бұл ат Дизабул, Силзабул аттарына ұқсамайды деп кім айта алады. Сондай-ақ ол Істенмәннің арабша Синджибу, парсыша Хакан – и – Чин деп, ал Сильзивул// Дизавул, Стемби каган деп гректер айтқан деген пікірді де қалдырған.

О.БЕКЖАН, 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
Түркология ғылыми-зерттеу 
институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты

(Жалғасы бар)

 

http://anatili.kz/?p=15386

Рубрика: