Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

photo (4)Жаздың ыстық мезгілінде кез-келген тағам өзінің сапасын жоғары деңгейде сақтай алмайтыны белгілі. Ал базарда сізге «жаңадан дайындалған азық-түлік» деп сатқанның барлығына да сене беруге тағы болмайды.

Сондықтан біз сіздерге жаз мезгілінде бас тарта тұруға тура келетін тағамдардың тізімін ұсынып отырмыз.

1. Сүзбе, крем немесе экслер қосылған тоқаш нан

1

Сүзбе, крем немесе экслер қосылған тоқаш нан жаздың мынадай ыстық температурасында тез бұзылып, өзінің қасиеттерінен айырылады. Соның нәтижесінде оның құрамында улы заттар пайда болып, ол жеген адамның ағзасына өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан бұл тағамды жолға жеуге алуға немесе тіпті дүкеннен алып та бірден жей салуға болмайтынын айтқымыз келеді. Ал егер сіз бұл тағамсыз «өмір сүре алмайтын» болсаңыз, онда оның міндетті түрде бүгін пісірілгеніне және салқын жерде сақталып тұрғандығына баса назар аударыңыз.

2. Балық

2

Жаз мезгілінде базардағы балық сататын орындарды өзіңізге тыйым салынған жер деп қабылдаңыз. Тіпті сатушы сізге балықтардың жаңа ауланғандығын айтып біраз терлесе де, оны сатып алуға тәуекел жасамаңыз. Егер балықты қатты жегіңіз келіп бара жатса, онда оны тек супермаркеттердің аквариумдарында ғана жүзген тірі балықтарды ғана алыңыз. Назар аударыңыз: жаз мезгілінде тағамнан уланудың ішіндегі ең қауіптісі осы балық өнімдеріне тиесілі.

3. Сүт және қышқыл-сүтті өнімдер

3

Бұл өнімдерді сатып аламын десеңіз, оларды міндетті түрде тек ресми дүкендерден алғаныңыз жөн. Ал қолдан алатын болсаңыз, онда тек өзіңіздің сенетін адамдарыңыздың ғана саудасын жүргізіңіз. Сүзбе — бактериялардың көбеюіне таптырмас орта болып саналады, ал әдетте пластикалық бөтелкеге құйып сататын сүт — мини-химзауыт екендігін жадыңызға ұстаңыз.

4. Жұмыртқа

4

Аптап ыстық бұл пайдалы тағамға да зиянын тигізбей қоймайды. Сатып алар болсаңыз, сатушының емес, жұмыртқаның шығу күніне назар аударыңыз. Жұмыртқаның «сенімді» екендігін анықтауға оның шығу уақыты да жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан сатып алынған жұмыртқаны суға толтырылған орташа ыдысқа салыңыз. Егер ол суға толықтай батып тұрса, оны пайдалануға болады. Ал егер жұмыртқа су бетіне қалқып шықса, онда бірден қоқысқа лақтырыңыз.

5. Теңіз шаяндары

5

Жазда қайнатылған теңіз шаяндарын нағыз табу деп айтса да болады. Шаяндардың тек тірі, жаңа ғана ауланған және өзінің табиғи түсін жоғалтпаған түрлерін ғана пайдаланыңыз.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 

http://massaget.kz

Рубрика: