Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мансұр ХАМИТ (фотолар)

Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Ақордада өткен екеуара кездесу кезінде ынтымақтастықтың сан саласы талқыланып, бірқатар құ­жат­­тарға қол қойылды. Сондай-ақ финдер Қазақ елінің «жасыл эко­но­мика» бастамасын да толығымен қолдап, қызығушылық танытты.

Осыған орай «жасыл экономика» саласында әріптестік байланыстар туралы ортақ декларация қабыл­дан­ды. Осыдан бастап Қоршаған ортаны қорғау министрлігі финдермен бірге таза технологияларды дамытудың іс-шаралар жоспарын іске асырмақ. Әлбетте, бұл жұмысқа кәсіби ма­ман­дар атсалысуы тиіс. Сол себепті екі елдің Білім және ғылым ми­нистр­ліктері де өзара ынтымақтастық тура­лы хаттамаға қол қойды. Ал Астана мен Оулу бауырлас қалалар деп та­ныл­ды. «Негізі, біз бір-бірімізге көрші болып келеміз ғой. Себебі арамызда бір-ақ мемлекет (Ресей – авт.) жатыр», – дейді Финляндияның Пре­зиденті Саули Ниинистё.

Соңғы 1,5 жылдың ішінде Қазақ­стан мен Финляндия президенттері үш рет кездесіп үлгерді. Осының нәтижесінде екі мемлекеттің ынты­мақтастық байланыстары күшейіп ке­ле­ді. Астанада Финляндияның елші­лігі ашылса, өткен жылы Хель­син­ки қала­сында Қазақстанның елшілігі жұмыс істей бастады. Еуропада болып жатқан қаржы дағдарысына қара­мас­тан, қазақ-фин сауда-саттығы ұл­ғайып отыр. Былтыр екіжақты сау­да­ның айналымы 800 млн АҚШ дол­ларына жетті. Бұл – Қазақстанның Солтүстік Еуропаның барлық мем­лекеттерінен 70 пайызға артық. Бүгінде біздің көлік, құрылыс және туризм сала­ла­рын­да ортақ ынты­мақ­тастығымыз зор. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндіру, жал­пы, аграрлық кешен бойынша бір­ле­сіп жұмыс істеуге әбден болады. Сол себепті Н.Назарбаев фин бизнес­мен­дерін  ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу­дің бірлескен тауар­лық өндірісін құруға шақырды.

 

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз екіжақты келісім барысында елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың барлық тараптарын қозғадық. Даму әлеу­еті­міз әлі де болса толық пайдаланылмай отыр деген ортақ пікірге келдік. Қазақстан Финляндияны Еуропадағы ең маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі ретінде қарастырады. Сол себепті біз екі­жақты ынтымақтастықтың әлеуетін барын­ша пайдалануға ниеттіміз. Мен Қазақстан­да фин тарапының қызығушылығын туды­­ратын салалардың көп екендігіне сенім­дімін және Финляндия да біздің қызы­ғушылығымызды оятады деп білемін. Келіс­сөздер барысында мен  фин бизнес­мен­дерін  ауыл шаруашылығы мен мал шар­уа­шылығы өнімдерін өңдеудің бірлес­кен тауарлық өндірісін құруға шақырдым.

Саули НИИНИСТЁ, Финляндия Республикасының Президенті:

– Қазақстан экономикасы барынша екпін­ді қарқынмен өсіп келе жатқан әлем елдерінің бірі әрі экономикалық өсім рей­тин­гінде қазіргі уақытта үшінші орында тұр. Ал экономикалық өсімнің  халықтың әл-ауқа­тының арта түсуіне, денсаулық сақтау және білім беру салаларының жақсаруына себеп болатындығы белгілі. Біз Қазақстан­ды халықаралық саясаттағы, әсіресе осы өңірдегі тұрақтылықтың басты факторы ретін­де қарастырып отырмыз. Бұл – өте қиын жұмыс. Соның арқасында біздің ортақ байланыстарымыз тұрақты түрде да­мып келеді. Бүгінде біз «жасыл» экономика бойын­ша бірлесіп жұмыс істеуге мүдде­ліміз. Өйткені ол жұмыс экологияға келетін зиянды барынша азайтады.  

Ақордада өткен баспасөз мәслихаты барысында екі елдің президенттеріне сұрақтар да қойылды. Финляндияның бір тілшісі Қазақстандағы демократияны да­мы­­ту мәселесін қозғап: «Сіздер Дүниежү­зілік сауда ұйымына мүше болуды көздеп отыр­сыздар. Бірақ оған кіру үшін адам құқық­тарын қорғау бойынша тиісті талап­тарды орындау қажет. Осы орайда Қазақ­стан қандай жетістіктерге жетті?», – деп сұрады. Оған Н.Назарбаев: «Әлбетте, Қазақ­стан әлемдегі өркениетті мемлекет­тер­дің отбасына қосылуды қалайды. Фин­лян­дия Президенті атап көрсеткендей, бұл ел демократияға 100 жылдың ішінде жетті. Қа­зақстанның Тәуелсіз мемлекет болға­нына небәрі 20 жыл болды. Біз Финляндия­ға қарағанда, анағұрлым шапшаң қозға­лып келеміз деп ойлаймыз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ұзақ жылдар бойы өздігімен күн көруге үйрендік. Әрине, қиын болды. Қазір болса, Қазақстан 130 ұлт пен ұлыстардың құқықтарын қорғай ала­тын мемлекетке айналды. Әлбетте, Еуропа, оның ішінде Финляндия­дағы демократия мен еркіндік – біздің негізгі әрі соңғы мақсаты­мыз. Біз соған қарай беттеп келеміз. Фи­лософиялық тілмен айтсақ, біздің ыдысы­мыз жартылай немесе оның үштен бір бө­лігіне толы. Енді оны барынша толтыру қажет», – деп атап көрсетті.

Кездесуден кейін Нұрсұлат Назарбаев пен Саули Ниинистё  Қазақстан-Финляндия экономикалық форумына қатысты. Онда «жасыл экономика» саласындағы әріптес­тік туралы декларация рәсімделді. «Біз үшін «жасыл экономиканы» дамыту туралы ортақ декларацияның маңызы зор. Себебі бұл мәселе ЕХРО-2017 халықаралық көр­месінің болашақ энергетиканы дамыту тақы­рыбымен үндес болып келеді», – дейді Мемлекет басшысы.

Автор: Арман АСҚАР

 

http://alashainasy.kz/main/42097/

Рубрика: