Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы сайлауалды тұғырнамасының «Жастарды қолдау» бағыты бойынша кураторы Мейрам Бегентаевтың бас болуымен өткен сарапшылар тобының отырысында партияның бүгінгі буынға жағдай жасауға бағытталған жобалары талқыланды.

Басқосу барысында экономика сала­сына маман дайындау, жастарды алғашқы жұмыс тәжірибесінен өткізу және еңбекке араластыру, сонымен қатар олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, талант­та­рын тану мәселелері күн тәртібіне қойылды.

Отырыста «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Буканова «ҚР еңбек нарығын зерттеу» атты респуб­ликалық әлеуметтік зерттеу жұмысының алғашқы қорытындыларын жариялады.

– Мектеп оқушыларының медицина саласын көп таңдайтындығы байқалады. Бұдан кейін олардың ықыласы экономист, банкир, бухгалтерлік есеп және аудит ма­мандықтарына ауады. Үшінші орында заң саласына қатысты мамандықтар тұр. Жас­тар мамандықты негізгі 3 белгі бойынша таңдайды. Бірінші – мамандыққа деген қызығушылық, екінші – мамандықтың беделі, үшінші – еңбекақы мөлшері. Ата-ананың ақыл-кеңесі – төртінші орында. Көп­теген оқушылар мамандық таңдау ба­рысында өздеріне көмек қажет екенін айтады, – деді ол.

Оның сөзінше, жоғары, техникалық және кәсіби білім алған түлектер білім ордаларында мамандарды кәсіби даяр­лау­дың нәтижелілігіне оң баға береді. Жоғары, техникалық және кәсіби білім алған жас мамандардың көпшілігі өздерінің маман­дықтарына сәйкес қызметке орналаса­тын­дарына сенімді. Түлектердің 83,2 пайызы өзінің болашағын алған мамандығымен байланыстырса, сауалнамаға қаты­сушы­лардың 16,8 пайызы болашақтарын ма­мандықтары бойынша жалғастыр­май­тындығын жеткізген. Жұмысқа орналасу мәселесін шешуде көптеген студенттер ата-анасының немесе таныстарының мүм­кіндіктерін пайдалануға бейім.

XXI ғасырдың жастары бәсекеге қабі­летті болу арқылы Қазақстанды әлемнің

30 дамыған мемлекетінің қатарына қосуға атсалысуы керек екенін атап көрсеткен орталық директоры: «Осы мақсатқа жету үшін жастар «Қазақстан – 2050» страте­гиясындағы маңызды міндеттер мен мақ­саттарды мүлтіксіз орындауы керек. Себебі Президент өскелең ұрпаққа зор жауап­кершілік жүктеп отыр» деді.

Бұдан кейін сөз кезегі сараптама тобы­ның мүшесі, «Жас Отан» Жастар қанаты­ның атқарушы хатшысы Н.Сыдықовқа бе­рілді. Ол елімізде жастардың бос уақытын ұйымдастыратын бірыңғай жүйенің жоқ­тығын алға тартып, аймақтарда өнерлі жас­тарға назар аударылмай жатқанын жеткізді.

– Біз жастардың өзекті мәселелерін шеше отырып, оларды рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеуді де ұмытпауымыз керек. Ел жастарына өздерінің бос уақытын ұйым­дастыру мүмкіндігі беріле отырып, кәсіби дағдыларын және шығармашылық әлеует­терін дамыту үшін барлық жағдай жасалуы тиіс, – деді Н.Сыдықов.

http://www.aikyn.kz/news/view/45944

 

Рубрика: