Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

61e8f270aa4ef3e14e68ab687e680bacЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев діни экстремизм және терроризмге қарсы жұмыстар жөніндегі 2013-2017 жылдар аралығына жасалған мемлекеттік бағдарламаны бекітті. 

Президент бір ай мерзімнің ішінде осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралардың жоспарын жасап, бекітуді үкіметке жүктеді.

Бүгінде мұсылмандар қауымы әртүрлі ағымдарды ұстанып, жікке бөлініп, ислам дінін әртүрлі уағыздап жүр. Елімізде алыс-жақын шетелдерден келген діни экстремистер ұя сала бастады. Діни сауаттылық болмағандықтан халық олардың сөзіне ұйып, артынан ереді. Осындай жағдайға байланысты Қазақстандағы Мұсылман діни басқармасы аймақтарда дәстүрлі ислам негіздерін түсіндіретін діни ақпараттық-насихат топтарын құрды. Қазір республика аймақтарында жергілікті жағдайды жақсы білетін имамдардан, маман теологтардан құралған алты топ осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан мұсылмандарының бас мүфтиі Ержан Малғажыұлының айтуынша, жыл басында еліміздегі діни жағдайларды зерттеп, мониторинг жүргізілген. Соның нәтижесінде көпшілікке діни ақпарат тарататын топтар құрылған. Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Алматы облыстарында, сондай-ақ түзек мекемелерінде діни сауаттылыққа мұқтаж жұртшылық арасында арнайы құрылған республикалық және өңірлік ақпараттық-насихат топтары алты ай бойы жұмыс істеуде. Жастар арасында исламның басқаша уағыздалуы, басқа ағымдарға бұрмалануының алдын алу мақсатында бұл топтар діни құндылықтардың дәстүрлі бағыттарымен таныстырып, дәстүрлі ислам туралы нақты ақпараттар береді.

Топ мүшелері дәстүрлі емес ислам ағымдарының белсенді мүшелерімен кездесіп, діни басқармаға бірігуге шақырды. Діни ақпараттық-насихат топтарының жұмыстары нәтижесінде Қарағанды облысында – 45, Жезқазғаннан – 35, Сәтьбаев қаласынан – 12 адам салафиттік ағымнан шығып дәстүрлі исламға бет бұрған. Қазір мұндай жұмыстар еліміздің солтүстік және батыс облыстарында жүргізіліп жатыр.

Турежанов Каиржан

http://www.aikyn.kz/news/view/31792

Рубрика: