АЛТЫНОРДА
Новости

Жас отбасылардың мемлекет тарапынан баспана алу мүмкіндігі аз — ҚСА

АСТАНА. 26 ақпан. Baq.kz — Жастардың мемлекет тарапынан берілетін баспанадан үміті аз, дейді «Қазақстан студенттер альянсының» белсендісі Арман Абдоллаев. Бұл туралы ол бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің отырысында айтты.

Отырыс барысында  «Қазақстан студенттер альянсының» белсендісі Абдоллаев Арман сөз сөйлеп, бүгінде үйленуге асығыстық танытпайтын жастарға жас отбасылар ретінде мемлекет тарапынан баспана алу бағы бұйыра қоймайтынына тоқталды.
«Бүгінгі күні елімізде үйленген ер адамдардың орташы жасы — 28-30, ал әйелдердікі — 27. Сондықтан жас отбасы ретінде мемлекет тарапынан тегін баспанаға ие болу мүмкіндігі жоқтық қасы» деді Арман Абдоллаев отырыста сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ осы жиын барысында ЖОО-ның санын емес сапасын арттыруға ерекше назар аудару, жұмыс берушінің талабын қанағаттандыру үшін студент бойында қандай қабілет тәрбиелеу керектігін анықтау, сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды тәрбиелеу, елдегі жұмыссыздық деңгейін қысқарту сияқты мәселелер көтерілді.

http://www.baq.kz/news/23871