Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінен әлемге танымал Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Нұрғиса Тілендиев, Фуат Мансұров, Ғазиза Жұ­банова мен Еркеғали Рахмадиев, сондай-ақ Қуат Шамелов, Біләл Ысқақов, Ба­тыр­хан Шүкенов сынды өнер иелері білім алған. 
Өнер ордасында Шынарбек Асқаров, Мұстахима, Сейітжанова, Роза, Қадышева, Салтанат Құдайбергенова, Біләл Ысқақов сынды ұстаздар әлі күнге дейін шәкірттерді баулып, жас таланттардың қатарын көбейтуде аянбай еңбек етуде.


Олардан тәлім алған студенттер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, тіпті оркестр, ансамбль ұжымында қызмет етуде. «Баланы жастан» демекші, Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі жас орындаушыларды шыңдау үшін жыл сайын түрлі іс-шара өткізіп келеді. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған XXXIV Республикалық жас орындаушылар конкурсы да өз мәресіне жетті.. Жаңа жас есімдерді анықтайтын бұл өнер додасына 4 номинация бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 172 үміткерлер қатысты. «Ән салу» номинациясы бойынша – 80, Хор дирижерлеу – 33, «Фортепиано» – 22, «Ішекті аспаптар» – 30, «Музыка теориясы» – 7 үміткер қатысты.

Байқаудың әділ бағасын Базарғали Жаманбаев, Есімов Ғафиз, Лаки Кесоглу Ақан Әбдуәлі, Айгүл Қосанова, Раиса Мұсаходжаева танымал өнер тарландары анықтады. Конкурс аясында КСРО халық әртісі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекеттік әлеуметтік-мәдени дамуы тұрғысын­да­ғы ұлт­тық өнердің өзіндік ерекшелігі» атты ха­лықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қа­за­қстан музыкалық колледждерінің студенттері мен оқытушылары, Ресей, Израиль, Корея мен Арменияның му­зыканттары қатысты. Кореяден келген халықаралық конкурстардың лауреаты Ким Хенг Чан мырза, Ресей Федера­ция­сы­ның еңбек сіңірген артисі Леонид Пав­лов Халық артисі, профессор, Құрманға­зы атындағы Қазақ ұлттық консервато­­риясының ректоры Жәния Әубәкірова сын­­ды әйгілі өнер майталмандары шебер­лік сабақтарын өткізді, Жас таланттармен орындаушылық өнердегі дамытудағы ғажайып сырларымен бөлісті. XXXIV Республикалық жас орындаушылар кон­курсының салтанатты жабылу кеші Чай­ковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің симфониялық оркестрі­мен «Алатау» жастар хорының орындауында Генделдің Алилуясымен ашылды. Алғаш­қы құттықтау сөзді алған Білім және ғы­лым министрлігі Кәсіби-техникалық білім беру департаментінің маманы Бекзада Мұхановаға барша өнерпаздарды шын жүрегімен құттықтады. Жүлделі орындарды Оразәлі Жаңабаев, Сұлтан Нұрбеков, Құрал Қаламқас, Александр Сидоров, Анастасия Анпилова, Жәмилә Байназарова, Мадина Адамова жеңіп алды. Жеңімпаздарды өнер тарлан­дары Рамазан Стамғазиев, Жәмилә Бас­пақова, Толқын Забировалар марапат­тады.

Еркін ҚАЛДАН

http://www.aikyn.kz

Рубрика: