Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Тау биігінде мейрамхананың орналасуы екіталай ғой?! Әдетте үлкен сапарға шыққан адамдар консерві, кеспелермен тамақтанып жатады. Алайда, Қытайдың Хубэй провинциясынан 12 шақырым шалғайда жатқан Ичан қаласында тау иегіне жармасқан “Fangweng Restaurant” (“Фангвен мейрамханасы”) атты мейрамхана бар. 

Янцзы өзенінің ағын суы тулап жатқан Ксайлинг арнасының (каньон) бар сұлулығы көз алдыңызда қылтимадан көрініс табады. Аталған мейрамхана ішінің көркі мен құшағы ыстық бөлмелері, сәнді безендірулер мен салтанатты залдары таң-тамаша қалдырары сөзсіз. Әсіресе, дәм-тұздың қасиетін білген аспазшылар қуырған тұщы су балықтары, тасбақа еттері мен көкөністің неше бір түрлерін таңдауға мүмкіндік болады.

сурет:drunov.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz

Рубрика: