Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 10 наурыз. Baq.kz – Жапония еш асырып мақтау айтпай-ақ, өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар, дәстүрлерін заман көшінен оздырмаса, қалдырмай жарастырған ел екені даусыз.

 1. Жапондар өз ана тілдерінде бір-екі ауыз сөз айта алған адамды аса қатты құрметтейді. Өйткені олар бұл тілді үйрену еш мүмкін емес деп санайды.
2. Жапон тіліндегі тілдейтін, ең ауыр қарғыс сөз «ақымақ» және «жарымас» деген сияқты сөздер.
3. Жапонша «ақымақ» сөзі «бака» деп дыбысталады (сөзбе-сөз аударғанда «ақымақ адам»). Ал шетелдік деген «гайджин» 外人 [gaijin] (сөзбе-сөз «жат», «бөтен») деп айтылады. Бірақ «бака-гайджин» ауызекі тілде бұл – американдық.
4. Жапондықтар үнемі тамақ туралы әңгіме айтқанды жөн көреді, әсіресе, тамақтануға отырған кезде өздеріне астың қалай ұнағанын үнемі ортаға салады. Кешкі асты ішіп отырып бірнеше рет «өте дәмді» おいしい [oishī] деп айтпау — өте мәдениетсіздік болар еді.
5. Жапонияда шайпұл беру мүлдем жөн саналмайды. Клиент қызметтің белгіленген бағасын төлеп тұрған кезінде, сатушымен тең дәрежеде тұрады деп саналады. Ал егер сіз алда-жалда біздегідей шайпұл тастап кеткен болсаңыз, онда ол өзіңізге жасалған қызметке көңіліңіздің толмағанын яки қызметкерді кемсіткеніңіз болып саналар еді.
6. Токио қаласы – әлемдегі ең қауіпсіз мегаполис. Токиода жүрудің қауіпсіз болғаны соншалықты, алты жасар балалар қоғамдық көлікте жеке өздері жүре береді.
7. Әрбір азық-түлік дүкендерінде газет-журналдармен қатар міндетті түрде хентайлар (エロアニメ) сөресі болады. Тіпті үлкен кітап дүкендерінде бейәдеп суреттерге (порнографиялар) тұтастай қатарлар берілген.
8. Жапонияда келісім жасы – 13 жас. Бұл осы айтылған жасқа жеткендегі ерікті жыныстық қатынас зорлауға жатпайтынын білдіреді.
9. Жапонияда Сант Валентин күні қыздар ұнатқанын білдіріп, ер жігіттерге сыйлық тарту етеді. Ол дәстүрдің неге қатысты шыққаны маңызсыз, бірақ бүгінде ол маңызды әлеуметтік функцияны атқарады: жапонның ер азаматы батылдығы жетіп сезімін білдіріп, келісімін сұрағанын күтпей-ақ қыздардың «иә» деп айтуына мүмкіндік береді.
10. Аппақ Күн – мемлекеттік мереке емес, бірақ жыл сайын Сант Валентин күнінен (14 ақпан) тұп-тура бір ай өткен соң, 14 наурызда атап өтіледі. Аппақ Күні ер адамдар әйелдер қауымына Сант Валентин күні жасаған сыйлығына алғыс ретінде сыйлықтар береді.
11. Жапондықтар – ақылға сыймастай еңбекқор, тыным таппайтын жандар, олар жайдан-жай түскі асын ішпей-ақ күніне 15-18 сағат жұмыс істей беруі мүмкін. Ал сіз мұражайда, метрода, аялдамада, тіпті жұмыс арасында да көз шырымын алып отырған жапондықтарды көрсеңіз, еш таңырқаудың реті жоқ.
12. Жапонияда жұмысқа тура уақытында келу жаман мінез саналады. Жұмыс орнында адам кемінде жарты сағат ерте болуы керек.
13. Жапон тілінде тіптен „кароши„ деген сөз бар, сөзбе-сөз аударғанда „бейнеттен қаза табу„ деп аударылады.
14. Жапонияның солтүстік қалаларында тротуарлардың барлығы жылытқышпен жасалынған, сондықтан да бұл жерлерде ешқашан көктайғақ болмайды.
15. Жапонияның көшелерінде (тіпті дәріхана, дүкендерде де) қолшатырлар салынған құмыраларды жиі көруге болады. Егер жауын құйып кетсе, олардың біреуін алуға болады, сосын жауын тоқтағанда жақын маңдағы құмыралардың біріне салып кетіңіз.
16. Әрбір екінші жапон суретті керемет сала алады және әнді де жақсы орындайды. Бір жағынан, бұл балаларды тәрбиелеу жүйесінің нәтижесі – оларды алдымен сурет салуға және ән сала білуге үйретеді, содан кейін барып сөйлеу мен жаза білуге баулиды.
17. Жапонияда оқу жылы бірінші сәуірден басталады. Айтпақшы, жапон тілінде айлардың атауы жоқ, олардың орнына жапондықтар реттік санмен бірінші ай, екінші ай… он екінші ай деп атайды.
18. Жапондықтар онсэн 温泉 [onsen] (Hot Springs) деп аталатын ыстық қайнар бұлақтар мен көпшілік моншаларды өте жақсы көреді.
19. Жапондықтар үшін жуынып алу бұлауға түсу немесе ванна қабылдау дегенді, ал душ – лаждай тұру дегенді білдіреді.
20. Барлық үйлерде, көптеген ауруханаларда, мейрамханалардың көбінде және кейбір кеңселерде аяқ киімді шешу керек. Сондықтан да нәски әрдайым бүтін болғаны дұрыс.
Егер сіз аяқ киіміңізді шешсеңіз, оның тұмсығын есікке қаратып қоюыңыз керек, әйтпесе ол көргенсіздік саналады.
Егер бұлай жасамасаңыз, оны Сіздің орныңызға үйдің қожайыны немесе қызметкер жасайды.
21. Жапонияда адамдар өте адал. Олар ешқашан жалған сөйлеу дегенді білмейді және не айтсаңыз да баладай сенгіш келеді. Егер сіз әмияныңызды ақшаңызбен жоғалтып алсаңыз, оның табылған мүліктер бюросына апарып берілу ықтималдылығы 90% деуге болады.
22. Жапонияда жер сілкінісі кезінде тонаушылық мүлдем болмайды. Неге десеңіз, онда бір пунк жоғарыда жазылғанды оқыңыз.
23. Жапондардың дұрыс тамақтану әдебін ұстанатынын бұл елдегі артық салмаққа ие адамдардың кездеспейтіндігі айғақтап тұратындай.
24. Жапондар өз сезімдерін ашық көрсетуге келгенде өте ұялшақ. Көпшілігіне „мен сізді сүйемін!„ деп айту нағыз ерлікпен пара-пар.
25. Елдегі әрбір үшінші отбасы ата-ананың арнайы қарауымен және құда түсудің нәтижесінде дүниеге келген некеден тұрады.
26. Жапондар өте тазалық сүйгіш халық. Сөйте тұра, отбасында неше жан басы бар екеніне қарамастан, бір ваннаға бәрі де кезекпен суын ауыстырмай түседі, әрине, оның алдында душқа жуынып алады.
27. Іс жүзінде жапондар ешқашан қонақтарын үйге шақырмайды. „Келіп кетерсіз!„ дегенді жай ғана сөздің мысалы деп түсініңіз.
28. Жапон отбасында ағасы мен қарындасының мүлдем сөйлеспеуі, тіпті бір-бірінің телефон нөмірін білмеуі тіптен қалыпты жағдай саналады.
28. Жапондықтардың зейнетақысы өте төмен. Әр адам өзінің қартайған шағын өзі қамтамасыз етуі керек.
39. Жапонияда көшелерінде тұрған қоқыс тастайтын жәшіктерін көрмейсіз. Барлық қоқысты жапондар сорттары бойынша төрт түрге — шыны, жанатын, қайта өңдеуге жарайтын, жанбайтындары деп бөліп, арнайы ыдыстарына салады.
40. Кейбір шапшаң жүретін пойыздарда кондуктор ішке кіргенде алдымен бас киімін шешіп, иіліп амандасып, содан соң барып билет тексереді.

Авторы: Гүлжаһан Асанкелдіқызы

http://baq.kz/kk/news/62000

Рубрика: