Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жапония Ресейге қарсы санкцияларды мақұлдады Әсілі батыс елдері сияқты ұсақ-түйек компаниялар мен тұлғаларды топырлатпайды. Десе де екі компания мен 40-қа жуық тұлғаға санкция белгіленді. Олардың қатарында «Донецк және Луганск халықтық республикаларының» өкілдері де бар. Сонымен қатар, Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің акцияларына тыйым салмақшы. Бұған дейін Еуроодақ қабылдаған Еуропа қайта құру және даму банкі желісі бойынша жобалар жөнінде санкциялар енгізуді қолдап отыр. Қырым тауарларының импортына да шектеу қойылмақ. Әрине, оның көлемі көп емес.

Жапония – санкция белгілеген жетілік елдерінің соңғысы. Әсілі бұған дейін жеті рет пішіп, бір рет кесуді жөн көрген сияқты. Жалпы батыстың қадамын анық білген соң ғана, нақты бір шараға барып отырғанын байқауда сарапшылар.  Әліптің артын баққан жапондар Ресеймен арадағы визалық тәртіпті жеңілдету туралы келіссөздерді және тағы екі келісім бойынша диалогты тоқтатты. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Жапонияның әрекеті екіжақты қарым-қатынастарға нұқсан келтіретін «достыққа жат әрі келешекті ойламай жасалған қадам» деп бағалады.

Алғашқы санкциялар легі белгіленгенде, Жапония Ресейге Украинадағы басқыншылық әрекеттері үшін санкциялар салатынын хабарласа да, белгілі бір қадамға бармаған болатын. Жапония үкіметінің баспасөз хатшысы Йошихиде Суга үкімет Ресеймен арадағы виза беруді жеңілдету жөніндегі келісімдерді, әскери және ғарыш саласына инвестициялар салу жөніндегі барлық жаңа келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеген. «Біз Ресейден халықаралық заңнамалар мен Украинаның тәуелсіздігін құрметтеуді және Қырымды аннексияламауды сұраймыз», — деген еді Йошихида Суга.

http://www.turkystan.kz/articles/view/54714

Рубрика: