Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Токиоға сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Жапония Парламенті өкілдер палатасының спикері Бунмэй Ибукимен кездесті, сондай-ақ Жапонияның Достық алмасулар халықаралық кеңесінің форумына қатысты.


Б.Ибуки Қазақстан қысқа мер­зімде экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізгенін, Орталық Азия аймағындағы жетекші орынға ие болғанын атап өтті. Жапония Пар­ламенті өкілдер палатасының спи­кері Қазақстан – Жапония ынты­мақ­тас­тығын кеңейту және парла­мен­таралық байланыстарды одан әрі үдету жайында айтты. Бастан-аяқ қазақша сөйлеген Сенат төрағасы Қайрат Мәми тәжі­рибе алмасу және әртүрлі деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың заң­намалық негізін күшейту тұр­ғысынан парламентшілердің өзара іс-қимы­лының маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында тараптар халықаралық дінаралық үнқатысуды дамыту және басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сол күні Сенат төрағасы Қайрат Мәми Жапо­нияның Достық алмасулар ха­лықаралық кеңесі мен Қазақстанның Токиодағы елшілігі ұйымдастырған Қазақстан – Жапония форумының қатысушылары алдында сөз сөйледі. Сенат спикері Президент Нұр­сұлтан Назарбаев жария еткен елі­міздің 2050 жылға дейінгі стра­те­гиясын іске асыру аясында Қазақ­станда ашылған жаңа мүмкіндіктер туралы айтты.

– Мен Қазақстан және Жапония арасындағы ынтымақтастықтың бола­шағы зор екендігіне сенімдімін. Қа­зақстанның алдына қойған ұзақ мер­зімді жаңа жобалары Жапония­­ның іскер және қоғамдық топтарының қызығушылығын тудырары сөзсіз, – деді Сенат төрағасы кездесуді аша келіп. Шындығында, қазақ жобаларына жапондық іскер және қоғамдық топтың өкілдері қызығушылығын білдіріп жатыр.
Қайрат Мәми халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, экономиканы әртараптандыру және инвестициялық тартымдылықты арттыру, инфра­құры­лымды дамыту, «жасыл эконо­миканы» енгізу және «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізуге әзірлік жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы әңгіме­леді. Сондай-ақ Астананың ха­лықаралық бастама­ларына шолу жасады. Спикер Қазақстанда Жапония­ның еліміздің Семей өңіріндегі ядро­лық сынақтардың экологиялық және әлеуметтік зардаптарын еңсерудегі, Арал теңізі аймағын сауықтырудағы Жапонияның елеулі жәрдемін жоғары бағалайтынын жеткізді. Ол сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы ірі инфра­құрылым нысандарын салу­дағы және жаңғыртудағы Жапония үкіметінің қолдауын атап өтті. Қайрат Мәми Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметіне жеке тоқталды. Астанадағы съездің жұмысына Жапонияның Синто шіркеулері ассоциациясының өкілдері тұрақты түрде қатысып келеді. Форум меймандарының назарына Әлемдік және дәстүрлі діндер лидер­лері съезінің 10 жылдығына арналған фотокөрме ұсынылды.

http://www.aikyn.kz

Рубрика: