Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Еліміздің көп аймақтарында орын алған жаңбырлы ауа-райы көңілді түсіруі мүмкін. Бір қарағанда су, ылғал, жаңбыр, жел кезінде қалайша стильді бола аласың? Алайда осындай жаңбырлы күндері ғана киюге болатын сәнді заттар бар. Мүмкіндікті қалт жібермей, жаңбырда да жарқырап жүріңіз.

Бұндай «жаңбырлы форма» әр сәнқой аруда болуға тиіс.

Су өткізбейтін плащ


Жұқа, алайда беті су өткізбейтін көктемгі плащ бәріне де қажет. Оның жарқын сары, қызыл, көк түсті болғаны тіпті керемет. Ең болмаса, өзіңізге арзан, алайда көңіл аудартатын жарқын түсті жұп-жұқа жамылғы-плащ сатып алсаңыз болады. Оны қолшатырдың орнына, сөмкеңізге бүктеп салып жүріңіз.

Резеңке аяқ-киім

Резеңке етік онша ыңғайлы болмайды, алайда қатты жаңбырда олар — таптырмас шешім. 100 пайызға аяқты судан қорғап, бейнеңізді жаңарта алады. Ол үшін жарқын түсті, өрнектелген түрлерін таңдаңыз. Аяқ ыңғайлы жатуы үшін қосымша ұлтарақ төсеңіз не жұмсақ нәски киіңіз.

Жылы күндері резеңке етіктер онша үйлесімді болмайды, сондықтан бұндай кездері арнайы су өткізбейтін маталардан жасалған туфли кисе болады.

Қолшатыр


Әрине қолшатыр жаңбырлы күні біздің ең керек қылатын аксессуарымыз. Қазір дәстүрлі түрлерімен бірге ерекше түсті, өрнектелген, тіпті ерекше пішінді түрлерін табуға болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: ladytech.ru, anhso.net

 

http://massaget.kz/bastangy/sn/9527

Рубрика: