Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазір қолдан ақша жасайтындардың заманы туып тұр. Осыған орай Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі елді елең еткізерлік деректерді мәлім етті. Ал жалған ақша республикамыздың қай өңірінде көп жасалады?


Экономикалық қылмысқа және сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес агент­тігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі мәлім еткендей, жалған ақшаны ең көп жасайтындар Астана мен Алматы қала­ларында екен. Енді қолдан жалған ақша жасаумен айналысатын­дар­дың әре­кетіне тойтарыс беру мақ­сатында Қаржы по­лициясы кешенді шаралар қабылдап жат­қанға ұқсайды. Осыған орай енді жал­ған ақшаларды ақ­параттық-тал­дамалық есепке алу базасы құрылатын болды. Ал мұндай жалған ақшалар, негізінен, қандай теңгелерді құрайды. Қаржы по­лициясы баспасөз қызметінің мәлім­деуінше, ең көп жасалатын жалған ақ­шалар ескі нұсқадағы 2 мың мен 10 мың­дық теңгелер екен.

Жедел-әрекет ету, тексеру жұмыс­тарының барысында 2012 жылы Қаржы полициясы органдары 15 жасырын цех жұмысына тосқауыл қойып, жалған ақша жасап, сатуға қатысты 2878 қылмыстық іс қозғаған көрінеді. Бұл 2011 жылмен са­лыстырғанда, 5 есеге артық көрсет­кішпен болып шыққан. Қаржы полициясының мәлімет­те­рінше, осы уақытқа дейін жалпы номи­налдық құны 40 млн теңге болатын 7 мың жалған ақша банкноттары тәр­кіленген. Тексеру шараларының нә­тижесінде Ұлттық валюта түрінде жасалған 6640 дана ақша алынып, оның жалпы жиын­тығы 34,6 млн құраған көрінеді. Сонымен қатар 335 дана 100 долларлық жалған АҚШ банкноттары алынды

 

http://www.aikyn.kz

Рубрика: