Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 16 сәуір. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихатын өткізген Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов БАҚ өкілдерінің қойған осындай сауалына жауап берді, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

— Жалпы, әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, жекеменшік зейнетақы қорларын қандай да бір құрылымдарға интвестициялық күш ретінде тарту үрдісі жоқ емес. Біздің елде де бұл мәселе қызу талқылаудан өтті. Тіпті, инфрақұрылымдық облигациялар ретінде «Досжан темір жолы» АҚ іске асырып үлгеріп, дефлотқа ұшырағаны бар. Десек те, біз бұл мәселеден тысқары қала алмайтынымыз белгілі. Сол себептен де қазіргі кезде бірқатар инфрақұрылымдық инвестиция ретінде не мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға немесе IPO бағдарламалары арқылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» секілді алпауыт компаниялардың облигацияларын сатып алудың құрылымдық жолдарын қарастырудамыз. Өйткені, бұлар әлеуетінің күштілігімен және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда жұрт сеніміне иелік ете отырып, заңдық талап-мүдделерге сәйкес келуімен бәсекеге қабілетті, — деді Қайрат Нематұлы.

— Сондықтан да Елбасының өзі оң санайтын мұндай жобаны іске асыруда бізге біршама дайындықтар мен ауқымды шараларды қолға алу керек. Қазіргі кезде мамандарымыз бұл мәселені жан-жақты зерттеп, тиісті құжаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу үстінде. Елдегі зейнетақы қорларындағы қаражатты қандай да бір жобаға инвестициялық салым ретінде тарту көзделіп жатса, БАҚ өкілдері арқылы міндетті түрде хабарлама жасайтын боламыз, — деді төраға.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ 

 

http://baq.kz/kk/news/45925

Рубрика: