Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Нидерландыда қырықтан астам мем­лекет басшылары қа­тысқан саммитте Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев та қатысып, ядролық қаруға байланысты өз ойын ортаға салғаны белгілі. 

Елбасы біздің еліміздің жа­һандық ядролық қауіп­сіз­дікті нығайту үшін дә­йектілікпен қолдау көр­сетуін жалғас­тыратынын айтты. Осыған байланысты, күш-жігер жұм­сау қажет болатын бір­қатар ба­ғытты атап көрсетті. Олар­­дың бірі ре­тінде ядролық қа­уіп­сіз­діктің бірден-бір кепілі бо­лып саналатын толық және жал­пыға ортақ ядро­лық қару­сыздану аталды. Тағы бір ке­йінге қалдыруға бол­майтын міндет ретінде Қазақстан Пре­зиденті ядролық терро­ризмге қарсы іс-қимылды және оның негізін жоюды жолға қою деді. «Сонымен қатар, антитер­рористік науқан мемле­кет­тердің бейбіт ядролық бағ­дарла­маларына, технологиялар мен жабдықтар, білім мен тәжірибе алмасуға деген құқығын шектеуге тиіс емес. Қазақстан АЭС үшін ядролық отынның толық циклді өн­дірісін дамытуды және атом стансасын салуды жоспар­лауда» деген Елбасы «Бұ­дан жиырма жыл бұрын Қа­зақ­стан Беларусь және Украина тәріз­­ді жаһандық ядролық қа­уіп­сіздікті нығайтуға қомақты үлесін қосты. Еліміз ядролық қарудың мол қорынан өз еркімен бас тартты және ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. Сондықтан біздің бәріміз Украинаға – 5 АЭС жұмыс істейтін, 15 атом реак­торы және зымы­рандық технология саласында әлеуеті бар елге ядролық мәртебені қайтарып беру туралы кейбір саясаткерлердің жауап­сыз­дықпен айтылған мәлім­де­мелеріне үлкен алаңдау­шы­лықпен қарауға тиіспіз» деп кейбір саясаткерлердің шолақ ойлайтынына көңілі тол­майтынын біл­дірді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқанын қолдайтындар көп. Өйткені кім де болса, береке-бірлікте, ынты­мақта, келісіммен өмір сүруге бейіл.
Майдан ӘБІШЕВ, профессор, халықаралық «Семей-Невада» антиядролық қозғалысының мүшесі:
– Әсіресе, Елбасының Ук­раинада жұмыс істеп тұрған  5 АЭС, 15 атом реак­торы және зымырандық технология са­ласына байланысты алаң­дайтыны дұрыс. Өйткені әлгі атомдық салалар террорлық топтардың, не болмаса әсіреұлтшыл бан­дералардың қарауына өтсе, жағдай тым қиынға айналады. Жалпы, Елбасының саммитте көтерген бастамалары өте дұ­рыс. Оны барлығы қолдайды деп ойлай­мын. Өйткені кімге де болсын тыныштық, ашық аспан, бейбіт өмір керек. Адам­заттың өмі­ріне нүкте қоятын атом қаруы­на абай болған дұрыс. Өзге елдер де ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақ­станнан үлгі алғаны дұрыс деп ойлаймын.
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ, «Ұлттар келісімі»  қоғамдық қорының директоры:
– Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың ядролық саммитте ортаға тастаған пікірле­рі өте құнды. Өйткені бүгінгі таңда әлем онсыз да тыншымай тұр. Әлемнің әр қиырында түрлі толқулар, қақтығыстар, төңкерістер жалғасуда. Егер де ядролық қару пиғылы бұзық топтардың қолына түссе, не болмақ? Онда жаһанға үлкен қауіп төнді дей бер. Сондықтан Елбасы атап көрсеткеніндей, атом қаруына, атом салаларына өте абай болған жөн. Бұл мә­селелерді осындай ірі бас­қо­суда жиі талқылап, оның қа­сіреті жайында үнемі халыққа түсіндіріп отырғанның айыбы жоқ. Қазақстан – ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан ел. Оны ұстап, өзге елге қатер төндіру және өзге елдердің сенің еліңді нысанаға алып, үрейін ұшы­рып отыруы кімге қажет. Елбасының жігерлі әрекетінің арқасында ядролық қарудан бас тартып, оны ұстап тұруға бөлінетін тым қомақты қаржыны елдің тұрмысын түзеуге, әлеуметтік салаға бұра білдік. Осының өзі үлкен жетістік еді. Сондықтан өзге мемлекеттер де Қазақ­станнан үлгі алса деп ой­лаймын.

http://www.aikyn.kz/articles/view/45680

Рубрика: