Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 6 ақпан. Baq.kz – «Батькивщина» украиндық оппозициялық фракциясының жетекшісі Арсений Яценюк ел үкіметін басқаруға дайын екендігін хабарлады. 

«Егер үкіметтегі қызметтің барлығына оппозиция өкілдері отыратын болса мен оны басқаруға дайынмын» деді Яценюк Deutsche Welle тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, оппозиционерлер елдегі саяси және экономикалық дағдарыстан шығып, халықты соңынан ертіп кете алады.
Естеріңізге салайық, өткен жылдың қараша айынан бастап, Киевтің Еуроодақпен ассоциация жайында келісімге қол қомауынан кейін Украинада наразылық шерулері басталған болатын. Үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен шерушілер қаңтар айында тәртіп сақшыларымен қақтығысқа барып, салдарынан үш адам қайтыс болды.
28 қаңтар күні Виктор Янукович үкімет басшысы Николай Азаровтың отставкаға кету туралы өтінішін мақұлдап, оның орнын Яценюкке ұсынған болатын. Алайда, бас оппозиционер бұл ұсыныстан бас тартқан еді.

 

http://baq.kz/kk/news/43163

Рубрика: