АЛТЫНОРДА
Новости

Ходорковский Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялауды ұсынды

Ходорковский Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын  жариялауды ұсындыЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский өзінің Twitter-дегі парақшасында бұқаралық ақпарат құралдарын Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялауға шақырды. Бұл туралы news.nur.kz сайты мәлім етті.

Мұнымен қоса ол Париждегі терактіде қаза болған журналистердің жақындарына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, 7-қаңтар күні таңертең Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясына қарулы шабуыл жасалған болатын. Бетперде киген белгісіз біреулер кеңсеге басып кіріп, автоматтан оқ жаудырған. Осының салдарынан 12 адам қайтыс болып, 10 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Басылымның бас редакторы Стефан Шарбонье де оқиға орнында көз жұмған.

Қылмыскерлер оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. Қазіргі таңда оларды полиция іздестіруде. Жергілікті билік мұны терактілік әрекет деп бағалап отыр.

Ресей президенті Владимир Путин, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон және Германия канцлері Ангела Меркель де өз елдерінің «Франциямен бірге терроризмнің кез-келген түрімен күресті жалғастыра беретінін» айтты.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/din_islam/hodorkovskiy-muhammed-paygambardyin-karikaturasyin—jariyalaudyi-usyindyi-60511/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі