Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_4292f5deec98b934771d7614c4e0b629Астана. 5 шілде. Baq.kz – Бүгін Астана қаласының ең көрікті ғимараттарының бірі Хан Шатыр ойын-сауық орталығының ашылғанына 3 жыл толды.

 Хан Шатыр 2010 жылы 5 шілде күні Астана күніне орайластырылып ашылған болатын. Оның ашылу салтанатына Қазақстан, Армения, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина президенттері қатысты.
Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең үлкені және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы орталық болып саналады.
Лорд Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер жарықты молынан өткізіп, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалы болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар Сарыарқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр.
“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.
Бұл ғажап құрылыстың салынуына барлық қала тұрғындарымен қатар, әлемнің барлық жетекші сауда компанияларының өкілдері де тағатсыздықпен зор қызығушылық танытты. «Хан Шатыр» орталығында Қазақстанда тұңғыш рет әлемге әйгілі Debenhams сауда желісінің әмбебап дүкені ашылды. Бұл компания 120 жылдан бері жаһандық сауда айналымында өзінің нәтижелі бизнесін сәтті жүргізіп келеді. Осы компания өнімдері сатылатын сауда орталығының көлемі 3 мың шаршы метрді құрап отыр. Сол сияқты мұнда Mudo Concept бренділерін сататын 1500 шаршы метр аумақта сауда орталығы ашылған. Бұл компания астаналықтарға қонақ үйлердің, мейрамханалардың, дәмханалардың және барлардың барлық қажетті бұйымдары мен техникаларын ұсынып келеді.
Бүкіл сауда алаңы 6 000 шаршы метрден асатын «Хан Шатыр» сауда орталығы Астанадағы ең үлкен гипермаркетке айналған.
Сауда алаңдарынан басқа «Хан Шатыр» орталығында «Риксос СПА» фитнес және СПА орталықтары жұмыс істеуде. Ғимараттың әрбір қабатында мейрамханалар мен дәмханалар бар. Оларда дүние-жүзі асханаларының тәжірибелі аспаздары астаналықтар үшін тіл үйіретін дәмді ас дайындап, ұсынып келеді. Ал алтыншы қабатта жүзу бассейні, аквапарк және әмбебап, жабық жағажай орын алған.
«Хан Шатыр» орталығында бірнеше кинотеатрлар көрермендер үшін дүниежүзіне кеңінен танымал «Стар Синема» компаниясы әлемде шыққан соңғы жаңа фильмдерді ұсынып келеді. Бұл құрылыс ғимараты орналасқан алаңда ғажайып шатырмен қатар Астанада баламасы жоқ 38 метр биіктіктегі мұнара орналасқан. Сонымен бірге мұнда саяхат жасайтын монорельсті темір жол, 7 және 4 метр биіктіктегі кедергілері бар суда жүзу орталықтары бар.
Бүгінгі күні бұл ойын-сауық орталығы қазақстандықтардың мақтанышына айналған.

http://www.baq.kz/kk/news/31766

Рубрика: