Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазiргi күнi ұлттық телеарналарымызда шетел кинолары мен мультфильмдерi өте жиi көр­сетiледi. Шетелдiк өнiмдердiң ешуақытта ұлттық сананы ке­ңейтпесi анық. Өкiнiшке қарай, қазақ балаларының санасын жат мәдениет улап жатыр. Жақсы мен жаманның қатар жүрерi анық, шетел мульт­фильмдерiнiң мағыналысы да бар, алайда сондай мультфильмдер мем­лекеттiк тiлде, ұлттық нақышта жасалса, нұр үстiне нұр болар едi. Бiздiң әдебиетiмiздiң қоры мол, қазақтың ауыз әде­биетi, халықтың арыстан ұлдары мен гүлдей жайнаған қыздары, кең даланың ұлы перзент­терiн та­ныс­тырып, ұлттық салт-дәс­түрдi, ұлы оқиғаларды балалардың санасына қазiрден бастап сiңi­руiмiз керек.

Рас, елiмiзде талантты мультипликаторлар бар, солардың бiрi – еңбекқор аниматорлар Адай Әбiлдәнов пен Жәнiбек Нұрбекұлы. Олардың шығармашылықтары өте тартымды және мағыналы. Оған мысал ретiнде жалғыз ғана “Аңшы” мульт­фильмiн алуға болады. Бұл мультфильмнiң сценарийi өте жақсы жазылған, драматургиясы тереңде жатыр. Ал кейiп­керлерге келер болсақ, сүй­кiмдiлiк пен жағымдылық бар, фильмдегi ең алғашқы ауланатын аң – қоян. Бала да өзiне үлгi етiп жүрген аңшының ерсi қылықтарын көрiп, жақсы мен жаманды ажыратады. Жан-жануарларды аяусыз қырғанның қателiк екенiн түсiнедi. Мiнекей, дәл осындай мультхикаялар көбейе түссе деп тiлеймiз. Мұндай көркем сюжеттi мультфильм бала тұрмақ, ересектi де қызықтырады.
Ұлы Абайдың поэмаларын, Ыбырайдың әңгiмелерi мен Ахметтiң мысалдарын, халқымыздың ертегiлерi мен аңыздарын мультфильм етiп шығарсақ, балалардың патриоттық сезiмi оянады. Бүгiнгi бүлдiршiн – ертеңгi елдiң қорғаныш-қалқаны. Бүгiнгi жастар – болашақтың тiрегi. Жарқын болашақ жас­тардың қолында, соны ұмытпасақ екен.
Нұргүл Абдуллаева,
Қазақ Ұлттық Өнер Университетiндегi кинотану мамандығының 1-курс студентi.
http://zhasalash.kz/makataev-22/8950.html

Рубрика: