Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ceb042e538cc18dfe5a54325281883daХалқымыздың санын көбейтуіміз керек, деп мәлімдеді КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова елорда төрінде өтіп жатқан Отбасы күніне арналған халықаралық конференцияда.

«Мемлекетіміз үлкен, халқымыз аз, сондықтан демографияны көтеруіміз керек. Көп бала болған дұрыс, менің өзімнің үш балам бар, кезінде маған барлығына қалай үлгересіз деп таң қалатын. Ал қазіргі кезде төрт-бес баласы бар азаматтар да жеткілікті. Олар барлығына да үлгерді. Бұл дегеніміз елімізде балаларды өсіп-жеткізіп, қызметті қоса алып жүру үшін барлық жағдай жасалған деген сөз. Дүниеге бала әкелу – ол да бір игілікті іс, оларды өсіріп-жеткізу керек. Ұрпаққа білім беріп, еңбекқорлыққа баулуымыз қажет. Балаларымыз бен немерелеріміз аман-есен өсіп жетілуі керек, сондықтан бізде денсаулығы мықты мемлекет, ұлт, азаматтар болуы тиіс», — деді Бибігүл Төлегенова.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ


http://bnews.kz/kk/news/post/157354/

Рубрика: