АЛТЫНОРДА
Новости

Х.Клинтон әже атанса президенттік сайлаудан бас тартатынын мәлімдеді

Астана. 12 маусым. Baq.kz – АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон отбасы үшін президенттік сайлаудан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жайында ол NBC телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

Билл мен Хиллари Клинтон ағымдағы жылдың күз айларында немерелі болуды жоспарлап отыр. Х.Клинтонның айтуынша, отбасындағы бұл жайт оның өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін. «Мен әже болу бақытын барынша сезінгім келеді. Алдағы екі жылда не болатынын жоспарлап, болжағым келмейді, қазір менің бар ынтам дүниеге келетін сәбиде» деді ол.
Дегенмен, журналистердің айтуынша, Клинтонның сайлаудан бас тартуына тек бұл жайт қана себеп болып отырған жоқ. 66 жастағы саясаткер өзінің бір сөзінде: «Маған бүгінгі өмір дағдым ұнайды. Достарым өте көп, алайда бұған дейін оларға көңіл бөле алмай келдім» деп өз ойымен бөліскен болатын.

http://baq.kz/kk/news/48584