Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Владимир Путиннің байлығы $200 млрд-қа бағаландыВладимир Путиннің байлығы $200 млрд-ға бағаланып отыр, деп жазады американдық NewYork Post басылымы.

“Hermitage Capital Management бас директоры Билл Браудердің айтуынша, Путиннің байлығы $200 млрд-ға бағаланып отыр”, – деп жазады басылым сейсенбіде.

Бұл ретте басылым аталмыш қаржының Путинді жер бетіндегі ең бай адам қылатынын атап өтеді.

“Бұл дегеніңіз Путин қазір $79.2 млрд байлығы бар Билл Гейтстен де мықты бай адам болып отыр”, – деп жазады басылым.

“Браудер Ресейдегі мектептерге, жолдарға, ауруханаларға және т.б. жұмсалмаған қаражат жылжымайтын мүлікке салынып, Швейцария банкіне аударылған, акцияларға, хедж-қорларға айналдырылған деп айтты”, – делінген жарияланымда.

Бұл ретте американдық “Morning News” басылымы Билл Браудердің сөзіне сілтеме жасай отырып, Владимир Путиннің өз жағдайын ел басқарғандағы алғашқы он жылда жасап алғанын айтады.

Источник: КазТАГ


http://www.qazaquni.kz/?p=33676

Рубрика: