Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украинада биліктен кеткен президент Виктор Януковичті қамауға алуға ордер беріліп, іздеу жарияланды деп хабарлады елдің ішкі істер министрі қызметін уақытша атқарушы Арсен Аваков Facebook-тегі парақшасында.

Аваковтың айтуынша, Янукович пен басқа бірқатар шенеуніктің үстінен «бейбіт азаматтарды жаппай өлтіру» айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Бұл іске қатысы бар Янукович пен басқа да адамдарға іздеу жарияланды» дейді Аваков.

Жоғарғы Рада депутаттары 22 ақпанда Виктор Януковичті биліктен кетіруді қолдап дауыс берген. Бұдан соң Киевтен кетіп қалған Януковичтің қазір қайда екені белгісіз.

Киевте өткен аптада үкіметке қарсы шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстардан ресми дерек бойынша 82 адам қаза тапты.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140224/330/330.html?id=25274999

Рубрика: