Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АЛМАТЫ. 13 наурыз. Baq.kz — Вена Федералдық жерінің Жоғарғы соты Рахат Әлиевке тағылған айыптарды растады. Бұл туралы бүгін LANSKY, GANZGER & PARTNER компаниясының заңгерлері Алматыда өткен баспасөз мәжілісі барысында мәлімдеді.

 

Жоғарғы сот «Нұрбанк» ісі бойынша Қазақстандағы үкімнің және тергеудің нәтижелерінің негізі бар деп, ал зардап шеккендердің жауаптарын сенуге тұрарлық деп таныды.
«Сот алқасы Әлиевке қатысты айыптау саясат тұрғысынан жасалмағаны туралы, австриялық тергеу жағынан расталғаны туралы қорытындыға келді», — деп хабаралды зардап шеккендердің адвокаты Габриэля Лански.
Вена прокуратурасы Әлиевке қатысты бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізеді. Атап айтсақ, бопсалаушылық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену, «Нұрбанк» менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты ұрлап, өлтіру, сондай-ақ, Еуропа аумағында ҰҚТ құрып, қылмыс жасау арқылы қаржы жымқыру бойынша күдікті саналады.
«Өз кезегінде Рахат Әлиев австриялық құқық қорғау органдарынан жасырынбайтынын, адам өлтіргені үшін Вена қылмыстық сотына баруға дайын екендігін айтқан болатын», — делінген LANSKY, GANZGER & PARTNER адвокаттық кеңсесінің баспасөз хабарламасында.
http://www.baq.kz/news/24720

Рубрика: