Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Рим папасы Бенедикт ХҮІ  «қасиетті орынтағынан» ерікті түрде бас тартпақ көрінеді. Соңғы  бірнеше күн бойы әлемдік һәм  отандық ақпарат құралдарының ең басты халықаралық жаңалық  ретінде айтып жатқандары да осы.

Әрине,  Бенедикт ХҮІ-нің  тағынан бас тартуы католик шіркеуі үшін  күтпеген жаңалық болғаны анық. Өйткені,  Ватикан тарихында  «қасиетті» һәм «қымбат»  лауазымнан бас тартқан папаның саны күні бүгінге дейін біреу ғана болыпты. Ал, осы жолғысы екінші папа. Алғаш рет  тағынан бас тартқан папа Григорий ХІІ екен. Ол 1415 жылы қызметінен кетіпті. Дегенмен, Рим католик шіркеуі үшін  тақтан бас тартқан папалардың болғаны ашық айтылатын деректер. Ватикан тарихында  жасырып-жабатын  деректер де бар. Әсіресе, католик шіркеуі Рим папаларының біреуі әйел болғандығын  күні  бүгінге дейін жасырғысы келеді. Бірақ, ол әлдеқашан  әлемге белгілі болған жағдай.

Әдетте Рим папалары үйленбейді. Нәпсіге берілмеуі керек. Алайда,  нәпсіге беріліп ағат басқандар  жайлы әңгіме  Ватикан билеушілеріне  қатысты талай айтылған. Ал, әлгі әйел папаға келсек, оның есімі Иоан ҮІІІ. Ол Леон ІҮ қайтыс болған соң билікке келген. 847 жылы Ватиканды басқарып, 2 жыл 5 ай, 4 күн тақта отырған. Иоан ҮІІІ-нің шын есімі де Иоан екен. Ол Германияның Ингелхейм қаласында дүниеге келіпті. Негізі, шыққан тегі ағылшын болса керек. Ақылды қыз бала кезінде-ақ әйел затының  табысқа жету мүмкіндігі аз екендігіне көзі жетеді де, 12 жасында  ұл бала болып киіне бастайды. Сөйтіп, ұлдардың қатарына кіреді.  Кейінірек ол христиан миссионерлерге  қосылып, ел кезіп кетеді. Афинада дін және философияны біраз оқыған соң Римге келеді. Онда өзін Джон Англикус деп таныстырады. Монастырлардың біріне кіріп алады. Ақылы мен білімі арқылы біраз кардиналдардың  көзіне  түскен Йоан 847 жылы Рим папасы болып сайланады. Йоан ҮІІІ-нің тақтан түсуіне себеп болған дүние нәпсісіне  ие бола алмауы. Әйтпесе, оның әйел екендігін  католиктер күні бүгінге дейін білмей кетуі мүмкін еді. «Уағыздарында» нәпсіге ерік бермеуге үндейтін, канондары бойынша үйленуге тыйым салынатын, жыныстық құмарлықтан аулақ болуы тиіс папалар осы тыйымдарға төзе алмай талай сүрінген тарихта. Некесіз балалары, ойнастары  болған папалар да кездеседі Ватикан  тарихында. Ал, әлгі Иоан ҮІІІ қара басқанда өзінің қол астындағы қызметшілерінің бірімен жақындасып қояды. Соның салдарынан аяғы ауыр болып қалады. Иоан оны да 9 ай бойы жасырып ұстайды. Алайда, 850 жылы қасиетті Петр шіркеуінің маңында өткен діни рәсімдердің бірінде  толғағы келіп, әйел екендігі белгілі болады. Одан кейінгі тағдыры белгілі. Өлтіріледі. Бірақ, кейбір деректерде  өзі де, баласы да бірен өлтірілгені айтылса, келесі бір деректерде  басқаша сипатталады. Әйтеу анық нәрсе, өлтірілген жеріне көміліпті. Ал, одан кейінгі папалар Римде жүргенде Иоан ҮІІІ көмілген жерден айналып өтетін  көрінеді. Шамасы, шіркеуді қарабет қылған қызға әлі өкпелі шығар олар. Бұл оқиғаның қасында Йозеф Алоиз Ратцингер қарияның  Ватикан тағынан бас тартуы католик шіркеуі үшін алаңдайтын дүние болмаса керек. Ең қызығы ресми түрде католиктер де, протестанттарда әйел папаның болғандығын мойындап көрген жоқ. Мойындамайды да.

Жебе-ақпарат

Рубрика: