АЛТЫНОРДА
Новости

Ұзындығы – 3 метр, салмағы – 300 келі

Атыраулық балықшылардың торына ұзындығы 3 метр, салмағы үш жүз келіге жуық қорытпа балығы түсті.Бір кездері «Балығы тайдай тула­ған» Жайықтан ауланған балықтар­дың ірілігі мен салмағына көз тоятын. Алайда соңғы жылдары ірі балықты көру, айға ұшуды армандағандай бо­лып қалғаны ақиқат. 

Курилкин бекіре зауытына қарас­ты «Амангелді» өндірістік кооперати­вінің балықшыларының құрған ау-торына түскен қорытпа биылғы жыл­дың алғашқы ірі салмақты ба­лығы болып шықты.
Зауыт директоры Ғилман Сәрсе­малиевтың айтуынша, биылғы жыл­дың үлкен олжасы қорытпа балықтың ішіндегі уылдырық мол болып шығуы ғажап емес. Қазіргі күні қорытпа ба­лықты еркін жүзе алатын бассейнге апарып, сол жерде уылдырығын алу жұмыстарына дайындық жүруде.

Тұрсын ҚАЛИМОВА
Атырау облысы

 

http://www.aikyn.kz