АЛТЫНОРДА
Новости

ҰШАҚТА ҚЫМЫЗ БЕРЕДІ

28155ac24201bb62ff5ae36f7d9b57fc«Павлодарлық «Сағып» шаруа қожалығы «Эйр Астана» әуе компаниясы мен Ресейдің Белокуриха курортына қымыз тасымалдау жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр», – деп хабарлайды Аltaynews.kz. 

Шаруа қожалығының басшысы Төлеу Құшманованың айтуынша, олар қазір Ресей нарығына шығуға талпыныс үстінде. Қожалыққа Белокурихадағы емдеу-сауықтыру орнына шипалы сусынды жеткізіп тұру жөнінде ұсыныс түсіпті. Бұдан басқа павлодарлықтардың өніміне «Эйр Астана» әуе компаниясы да қызығып отырған көрінеді.

Төлеу Құшманова қымыз ашытумен 12 жыл бойы айналысып келеді. Ол кезде өзі де, күйеуі де жұмыссыз қалыпты. Біраз уақыт бұрын олар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысуға құжаттар тапсыраған болатын. «Осы бағдарламаның аясында біз күніне 110 млн теңгенің сусынын сатып отырмыз. Түскен қаражатқа бие, рефрижератор сатып алып, қымыз құятын желіні іске қостық», – дейді Төлеу Құшманова.

Павлодардағы жалғыз қымыз фермасы бүгінде тәулігіне 900 литр сусын өндіреді. Оны саудалаудан бір күн бұрын қайыңнан жасалған арнаулы бөшкелерге құйылады.  Мұндай бөшкелер қымыздың тіл үйірер дәмін көпке дейін сақтап тұрады.

 

Айқын-ақпарат