Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Флоридалық суретші Таринан фон Анхальт өнер өлкесінде өзінің абстрактылы туындыларымен аты шыққан.

Ол өз еңбектерін тудыруда ең алдымен турбореактивті ұшаққозғалтқышын (авиадвигатель) қолданады, сондағысы бояуы бар құтыны бос кенепке шашып, ұшақтың ыстық демінде өнер жасауға тырысу.

Дәл мұндай көркемсуретті жасау үшін қыруар қаржы кететіні сөзсіз, алайда бір көруге қызығушылық танытқан жандар 50?000$ қаржыларын еш аямай, суретшінің табанды еңбегін тамашалап баруға әзір.

Көркем суреттің бұл қызық бағыты «jet art» («реактивті сурет өнері») 1952 жылы аустриялық Юрген фон Анхальт ханзаданың ықпалымен дүниеге келген. Өмірден өткен соң оның орнын әйелі Таринан басқан екен. Және сурет салудың жоғарыдағы техникалық үлгісін қолданған ең бірінші әйел ретінде тарихта қалыпты. Мұнымен қатар, өшкен отты қайта тұтатқан сұлу келіншек киім үлгілерін түске бояуда да аталған техникалық үлгіні қолайлы көріп, түрлі сән апталықтарына шығарған деседі.

Жақында Таринан фон Анхальт ханшайым бір әуе компаниясының елу жылдық мерейтойына шақырылған. Сол күндері суретші өзіне берілген екі күн ішінде жүзге жуық еңбектің авторы атанып үлгеріпті.

Біреуге Таринанның табанды еңбегі уақытты босқа шығындау секілді. Өзіңіз-ақ алып қараңыз, құтыдағы бар бояуды бос кенепке шашу деген, ол енді шектен тыс… Әйтсе де, осы бір әйел баласының жел бағыты мен температураға қарағыштай отырып іс қылатыны таң-тамашасыз қалдырмас.

 

Сурет:www.liveinternet.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

http://massaget.kz

 

Рубрика: