Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Нигериялық 3 жасар бүлдіршін қыз қасиетті Құранды бастан-аяқ жаттап алып, әлемдегі ең кішкентай хафиз атанды. Азан шақырып қойған аты – Руккайату Фатаху Омар. Ол қасиетті Құранды 8 айда толық жаттап алған. Бұл туралы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты хабарлады.
 Қарапайым отбасында өскен бүлдіршіннің қағілездігі баршаны қайран қалдырып отыр. Өзі «Аллаға сансыз мадақ айтамын» дегеннен басқа ештеңе айтпайтын көрінеді. Анасы Саиада Маймуна: «Шынымды айтсам, мен көп сөзге жоқпын. Бірақ осындай мүмкіндік бергені үшін Аллаға шексіз шүкіршілік етемін. Бұл – Жаратқанның жарылқауы»  дейді.

«Кішкентай қыз атақты ғалым Шейх Дахиру Осман Баучи негізін салған жергілікті ислами мектепте оқыған. Ол сүрелерді таңғы 7-ден кешкі 6-ға дейін жаттаған. Тіпті ойнауды да доғарған. Нигерияда қыздар мектепке 10 жасынан барады. Ал дарынды қыз мектеп табалдырығын биыл аттамақшы.

http://www.aikyn.kz/

Рубрика: