Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

eea436db14acabc025bad4f4f501ea4cАҚШ-та Флорида штаты Малберри қаласының полициясы Құран өртеумен «атақты» болған пастор Терри Джонсты тұтқындады, деп хабарлайды Telegraf.by.

БАҚ-тың хабарлауынша, теріс жолды уағыздаушы бұл жолы қасиетті кітаптың 3 мың данасын өртеуге әрекеттенген екен.

Полиция Джонс мінген фургонды тоқтатып тексергенде керосин құйылған Құранның мыңдаған данасын тапқан.

Джонстың сөзіне қарағанда, ол 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік әрекет құрбандарының әрқайсына бір-бірден – 2998 кітапты өртемек болған.

Флоридалық пастор Терри Джонс исламға қарсы әрекеттерімен белгілі. Алғаш рет ол Құранды өртеуге ниетті екенін 2010 жылы мәлімдеген. Ал 2011 жылдың наурызында бұл пасық ойын іске асырады. Осыдан кейін сот Джонсқа үш жылдың ішінде мешітке жақындауға тыйым салған. Дегенмен 2012 жылдың көктемінде ол тағы да Құранның бірнеше данасын өртейді.

Айта кетейік, 2012 жылдың қазанында Канада Терри Джонстың елге кіруіне тыйым салды.


 

http://bnews.kz

Рубрика: