Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қызылорда облысы Қазалы ауданының ардагерлері Бағыберген Құлмұрат пен Қабақ Смағұлға аудан әкімі Бақыт Жаханов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан жаңажылдық құттықтаулар мен сый-сияпатты жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қос ақсақал да аудан халқының арасында үлкен құрметке ие. Бағыберген Құлмұрат пен Қабақ Смағұл сонау 1942 жылы қан майданға аттанып, немістерге қарсы кеңес армиясының қатарында қызмет еткен. Аудан әкімі Бақыт Жаханов ардагерлердің үйіне барып, олардың хал-жағдайларын сұрасты, болашаққа құрған жоспарлары жайында кеңесті. Ақсақалдар Елбасының құттықтаулары мен сыйлықтарына риза болып, алғыс айтты.

«Бізге қамқорлық танытып жатқандары үшін алғысым шексіз. Президенттің құттықтауы – барша халықтың құттықтауы. Қазақстандықтар бейбітшіліктің қаншалықты қымбат екенін біледі, оны көздерінің қарашығындай қорғайды. Барлықтарыңызға тек бақыт тілеймін», — деді Қабақ Смағұл.

Естеріңізге салып кетсек, Жаңа жыл қарсаңында, 26 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында Қазақстан Президентінің бүкіл еліміз бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық бірегей акциясы өтеді. Республикада тұратын 5115 соғыс ардагерінің әрқайсысына облыс, қала және аудан әкімдері арнайы барып құттықтап, Мемлекет басшысы атынан жаңажылдық сыйлықтар жиынтығын тапсыратын болады.

Алдағы 2015 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және ТМД елдеріндегі Ардагерлер жылы болмақ.

http://bnews.kz/kk/photonews/post/246542/

Рубрика: