Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

индияҮндістан – өзінің мыңжылдық тарихында өне бойына қызықты оқиғалар мен таңдай қақтырар дүниелерді жинай білген ғаламат ел. Себебі, Ежелгі Үндістан адамзат дамуын елестетуге болмайтын бүгінгі заманауи ғылымдардың көпшілігінің негізін қалады.

Үндістан Республикасы Оңтүстік Азияда орналасқан, жер көлемі бойынша жетінші орынды, халық саны бойынша екінші орынды иемденіп отыр. Үндістандағы атақты Тәж-Махал, Амритсардағы алтын сарай, Махабодхи, Аджантаның үңгір ішіндегі ғибадатханалары, Эллора ғибадатханасы, Делидегі және Агре жеріндегі қызыл форт туристердің сүйікті орындарынаайналған.

Төмендегі видео арқылы Үндістанның басқа да ең, ең әдемі ғимараттары мен көрікті жерлерін көре аласыздар:

 

Үндістан және оның халқына қатысты ең қызықты деректермен таныс болыңыз:

Үндістан халқы 17 негізгі тілде сөйлеседі және мұнан бөлек байырғы тұрғындар мен заманауи тұрғындарға таныс 844 диалект бар.

Соңғы 10 000 жылда Үндістан ешбір елдің аумағына басып кірмеген.

Осындан 5000 жыл бұрын жер шарындағы адамдардың басым көпшілігі көшпелілікпен айналысып, орманда өмір сүргенде Үндістан тұрғындары Харапптық өркениетті ойлап табады.

«Үндістан» атауы Инд аталатын өзенге байланысты берілген. Бұл өзен ең алғашқы қоныстанушыларды бауырына басқан көрінеді. Кейде өзен «Шинду» деп те атала береді.

Үндістан шахматтың, алгебраның, геометрияның, көптеген математиканың, гауһар тастардың, сандардың, йоганың отаны саналады.

Үндістанда басқа елдерге қарағанда почта жәшіктері әлдеқайда көп екен.


Үндістандаға ең үлкен жұмыс беруші – Үндістан теміржолдары. Ол жерде шамамен 1 млн.-нан астам адам жұмыс істейді.

Әлемдегі ең алғашқы университет б.з.д. 700 жылдары Үндістанда салынған. Онда 10,5 мыңнан астам студенттер келіп, алпыстан көп пәндерді оқыған екен. Ал Наланда аталатын IV ғасырда соғылған тағы бір университет білім беру саласында үлкен жетістіктерге жетті. Адамзат тарихындағы тұңғыш медицина мектебі – Аюр-веда осыдан 2500 жылы бұрын Үндістанда ашылды.

Әлемдегі ең үлкен Бейли көпірі (Гималай) Үндістан аймағында 1982 жылы соғылды.

Заң бойынша, Үндістанға үнді валютасын (рупии) әкелуге және әкетуге болмайды.

Үндістан адам өлтіру бойынша көшбасшылық танытып отыр. Орта есеп бойынша, соңғы жылдары онда 32 719 адам өлтірілген.

Үндістандағы қала көшелерінде сиырлар еркін жүре алады. Олар сиырды сәттілік нышаны ретінде қабылдап, қасиет тұтады.

Үндістандағы ең дамыған әрі танымал өнер – би.

Көптеген үнді әйелдері өздерінің күйеулерінің атын атамайды. Бұл оған деген құрметсіздік саналады. Және олар күйеулеріне балаларының әкесі ретінде ғана қарайды.

Жесір атану жамандықтың белгісі, оларды әйел жақсы болса күйеу өлмес еді деп айыптайды екен. Үлкен әйелдер жесірлерді «күйеуін жеп қойған» деп айыптайды. Жесірлерге жаңа үйленгендердің қасында жүруге, әлеуметтік шаралардың айналасында жүруге тыйым салады.

Үндістанға барар алдында сіз бен біздің келісім ретінде жасайтын «бас изеу» ишарамыз оларда керісінше жасалатындығын біліп алған жөн. Біздің «бас шайқауымыз» оларды келісімді білдіреді. Үндістер сөйлескенді бастарын өте көп қимылдатады. Мұны екі тұрғынның бір-біріне қарап отырып айтқан әңгімесінен байқауға болады.

Оларда еркек пен еркек арасындағы достық өте жақсы қалыптасқан. Олар көшеде бір-бірімен құшақтасып, қол ұстасып жүре береді. Бастапқыда көзге оғаш көрінгенімен, кейінірек, мұндай достықтың ешқандай жамандықпен байланысы жоқ екенін мойындайсыз.

Үндістан асханасы өте дәмді әрі сондай ащы келеді. Даяшыдан бұрышсыз тағам сұрағанның өзінде, ащы тағамды қанағат тұтуға тура келеді. Олардағы ең танымал тағам – Meals (әртүрлі дәмдеуіштер қосылған күріш банан жапырағына салынып беріледі). Үндістанда ананас, папайя, банан және мандариндер өте танымал. Алманың бағасы өте жоғары.

Үндістанда таңғы ас, түскі ас және кешкі ас уақытпен бөлінген. Таңғы асқа берілетін тағамдарды кешкі асқа әкелдіре алмайсыз. Түске ас 12-15 аралығында, сонан кейін сағат 19:00-ге дейін барлық дәмханалар жабылады.

Көптеген мекемелер ыстық сумен қамтамасыз етілмеген, шағын қонақ үйлерде ақша төлесеңіз, ыстық су құйылған бөшкелерді әкеліп беріледі.

Үндістан халқы әжетхана қағазын қолданбайды.

Ыстық ауа-райының әсерінен адамдар өте ерте оянады. Сағат жетіде қала көшелері лық толы болады. Түске таман көше күрт тынышталып, сағат бестен кейін тіршілік қайта қайнайды.

Сари – ең көп таралған әйелдер киімі. Жас жігіттер футболка мен джинсы шалбар кигенді құп көреді. Ал егде жастағы кісілер лунги аталатын үлкен матаны оранып жүреді.

Тауарлардың немесе сарайлар мен саябақтарға кіру бағасы жергілікті тұрғындарға қарағанда сырттан келген туристерге қымбат айтылады.

Бұл елде кір жуғыш машинасы бар отбасы өте сирек кездеседі. Олардың көпшілігі кірді қолымен немесе өзенге жуады.

Үндістанда бензин бағасы өте қымбат және қызметкерлердің бағасы төмен келеді.

Көптеген той-домалақтар алкогольді сусындарсыз өткізіледі, дастарханға вегетариандық тағамдар мен тәттілер қойылады.

Үндістан халқы кез келген туристің есінде мейірімді, мұқият, жомарт адамдар ретінде сақталады. Олар сізге кез келген уақытта көмек қолын соза алады.

Суреттер: intergid.ru, touringo.ru,melma.ru, bakaras-tur.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

massaget.kz

Рубрика: