Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сіз де, біз де махаббат пен сұлулыққа, ержүректік пен мейірімге толы Үнді фильмдерін тамашалаумен бойжеттік, ержеттік... Біріміз Метхунға еліктесек, келесіміз Шах Рукх Ханға ғашық болып, үшіншіміз Айшварияның сұлулығына тәнті болдық. Және ешқашан жалыққан емеспіз. Сол тәтті күндерді еске салу мақсатында, бүгін сіздердің назарларыңызға Үнді фильмдері, Болливуд туралы деректерді ұсынбақпыз.

1. «Болливуд» термині 1970 жылы Үндістан әлемдегі жылына ең көп фильм түсіретін мемлекет ретінде танылғанда қолданысқа енді. «Болливуд»: Бомбей және Голливуд сөздерінен құралған.

2. Жалпы Болливуд Голливудтың құрдасы десе де болады. Лос-Анжелесте ең алғашқы фильм 1910 жылы, Бомбейде 1912 жылы түсірілді.

3. Болливудта ешқандай бағдар көрсетілмейді, ал оның қызметкерлері 20 миллион тұрғыны бар қаланың әр бұрышында тұрады, яғни, оларға арналған ешқандай «киноауыл» жоқ.

4. Үндістан 1970 жылы алғаш рет ең көп кино түсіретін мемлекет ретінде танылды және одан бері мәртебесін түсірген емес. Жыл сайын жарыққа900 фильм шығады. Тіпті, елді дағдарыс жайлаған жылдардың өзінде 600 картина көрсетілімге жіберіліп тұрды.

5. Үндістанда күніне 15 миллион адам кино көреді.

6. Әлемде өз өнімдері үшін ең көп билет сататын ел — Үндістан.

7. Үндістан үшін кино саласындағы рекордты жыл — 1990 жыл. Бұл жылы — 21 тілде (хинди, амильский, бенгали, гуджарати т.б) 948 фильм түсірілген.

8. Ең көлемді массовка Ричарда Аттенборның «Ганди» фильміндеболған (1982 жыл). Оған 300 000 адам қатысқан.

9. 2012 жылдың маусым айының жиырма тоғызында би массовкасынан рекорд жасалды. Тағы да Бомбей қаласында. «Әрқашан дайынмын» фильмінде айтылатын «Dhinka Chika» әніне 4500 адам билеген.


10. Үндістандағы ең танымал фильм — «Қаңғыбас» («Бордяга»). Фильм 1951 жылы жарыққа шықты. Басты рөлде Радж Капур ойнайды.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz/madeniet/kino/8153

Рубрика: