Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

скачанные файлы (7)Панданы жұрт «ең момақан аң» деп ойлайды. Бірақ «үндемегеннен үйдей бәле шығады» деген рас. Панда шабуылынан зардап шеккен қытайлық азамат 80 мың доллардан астам көлемде өтемақы алады.
Зардап шеккен азамат адвокатының айтуынша, оқиға өткен жылғы көктемде Ганьсу провинциясында болған. Панда адамдар тұратын ауылға кіріп кетіп, ер адамның аяғынан тістеп алған. Ал ер адам басқа тұрғынның көмегімен жануардан әрең құтылған.

Осы оқиғадан кейін зардап шеккен азаматқа жеті сағаттық ота жасалды. Ота жасалғаннан кейін оның ұлы жергілікті орман шаруашылығы мен табиғи қорық шенеуніктерін сотқа берді. Бұл жерлерде жүзге жуық панданың мекендейтіні баршаға мәлім болатын.

BNews.kz:

Рубрика: