АЛТЫНОРДА
Новости

ҰЛЫБРИТАНИЯДА КӨБЕЛЕКТЕРДІ САНАП ЖАТЫР

8c97ffd997df2c970208d107fcded63aҰлыбританияда көбелектерді санау басталды. Бұл шара 11 тамызға дейін жалғасады. Бұған кез келген тілек білдіруші қатыса алады екен. 
Ол үшін бар болғаны ашық күн мен 15 минут уақыт қана қажет. Осы арада кездескен көбелектердің саны мен түрін санау керек.

Көбелектерді сақтау қорының сайтында адамдарға кездескен көбелекті оңай анықтау үшін қабыршақ қанаттылардың суреттері салынып, олардың қалай аталатындығы жазылған. Ұлыбританияда мұндай санақ алғаш рет жүргізіліп отырған жоқ. Санаққа себеп,  қабыршақ қанаттылардың саны қазір азайып келеді.

 

Дуанабай Жолдасбек