АЛТЫНОРДА
Новости

Ұлы дала даңқы мұражайына халықтың қолдауы қажет

mhhБүгін Бас редакторлар клубы мен «Ұлы дала қырандары» қозғалысы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум рәсімделді. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды.

Үшжақты құжатқа Бас редакторлар клубының басшысы Кенжеболат Жолдыбай және «Ұлы дала қырандары» қозғалысының тең төрағалары — Марат Нәбиев пен Сәдібек Түгел қол қойды. «2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне 5 миллионнан артық адам келеді деп күтілуде. Сол кезде олар ұланғайыр даламыздың тарихын танып білуі тиіс.

Осыған орай біз Ұлы дала даңқы мұражайын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл бастамаға бүкіл халық болып кірісу керек. Сондықтан бізге Бас редакторлар клубының қолдауы қажет. Біздің  осы бір бастамамызды елге жеткізіп, оның дер кезінде іске асуын қамтамасыз еткен жөн», — дейді кәсіпкер М.Нәбиев.

Айта кетейік, Ұлы дала даңқы мұражайын елорданың іргесінде, Астана — Бурабай автобаны бойымен ашылған Құлагер ескертіші жанынан салу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде аталған жоба бойынша жер телімінің құжаттары реттеліп жатыр.

 

http://ult.kz/kz/article/view?id=1363