Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Соңғы жағдайға қарап екшелген де­ректер былай дейді: экономиканың өсімі 6 пайызды құрап, инфляция 6-8 пайыз көлеміне жетеді. Міне, осыдан-ақ мем­лекеттік, халықтық, ал жалпы алғанда ұлт­тық ұтылысты мойындағандаймыз. Бұлай болатын себебі халықтың әлеу­меттік-тұрмыстық жағдайы 6-8 пайызға ортаяды. Жоқ, мемлекет оны ортайт­пайды, бұқараның ұтылысын мемлекет бюджетінен өтейді. Демек, мемлекет ұтылады. Мемлекет ұтылса, ұлттың ұтыл­ғаны.

 

Біз «Айқын» газетінде жыл басын­да-ақ дамуымыздың басты жауы инфляцияны тежеу қажеттігі жайлы ашық жазған­быз. Оған дейін газетімізде жылдық ішкі жалпы өнімнің өсім көлемі мол болуын Ұлттық банк тежеп отырғанын және дә­лелдеп бергенбіз. Қысқасы, атқарушы биліктегі дәл осы саланы басқару тетігі­не жауапты мырзалар халық немесе мем­лекет мүддесіне қызмет істемей жүрге­­­нін ашық айтқанбыз. Біздің сол сынымызға жауап ретінде ме, әйтеуір Үкімет биылғы жылдық ішкі жалпы өнімнің өсімі 6 па­йыз болады дегенді айтып шықты. Қызық, шамасы осы көрсеткіш жөнінде Үкімет пен Ұлттық банк арасында қақтығыс бол­ған сыңайлы. Олай дейтін себебіміз, Ұлт­тық банк басшысы Григорий Марченко кейініректе «Ұлттық банк Үкіметке ба­ғынбайды» деп салды. Қош. Жарайды, біз­дің заңнамалық актілеріміз бойынша ол Үкіметке бағынбайды. Бағынбаса ба­ғынбасын. Бірақ Ұлттық банк мемле­кет­тің, халықтың мүддесіне бағынуы тиіс. Бұл «тайға таңба басқандай» заңдасты­рылған ақиқат. Ендеше Ұлттық банк бас­шылығы елімізде халықаралық валютаға зәрулік мүлде жоқ шақта және экспорт­тық шикізаттарымыздың барлығының бағасы әлемдік қор биржаларында жо­ғары деңгейін сақтап тұрған шағында не­ге доллар-теңге ара-қатынасын 1=150,5 мөлшерінен түсірмей тұр? Егер 150,5 санының орнында бар болғаны 148 саны тұрса, жылдық ішкі жалпы өнімнің өсімі шамамен 8 пайыз болар еді ғой. Мұны Гри­­­горий мырза білмей жүрген жоқ. Біледі. Білсе де теңге-доллар бағамын 1=148 ша­масына маңайлатқысы кел­мей­ді. Не­лік­тен? Марченко бұған өз сылтауын айта жатар, бірақ біз бұл жолы Марчен­коның «жоламайтын сандарынан» тек қана халықтық қазынаны бауырына ба­сып алған және оларды экспорттаушылар пай­да тауып тұрғанын анық білеміз. Дә­лелдейік. Мұнай экспорттаушылар жа­лақы және басқа мемлекеттік міндетті төлемдерді атқару үшін ішкі базардан тең­ге айырбастап алуға тиіс. Сондайда шикізат экспорттаушыларға 1 миллиард долларды 150,5 миллиард теңгеге айыр­бастаған пайдалы ма, әлде 148 миллиард теңгеге айырбастаған пайдалы ма? Әрине, алғашқысы пайдалы. Бақандай 2,5 миллиард теңге ұтысқа шығады. Міне, гәп қайда жатыр?! Енді Марченконың кімге қызмет етіп жүргенін оқырман өзі па­йымдай берер. Тек оның халыққа, Қа­зақстан Республикасына қызмет етіп жүр­мін дегеніне өз басым ешқашан сене алмаймын. Бұл біз айтатын бірінші ақи­қат.

Екінші ақиқат былайша өрнектеледі: инфляциямен күрес Ұлттық банкке, яғ­ни Григорий Марченкоға жүктелген мін­дет. Ол ешқашан да инфляциямен кү­респеген лауазым иесі екенін жоғары­да­ғы бірінші ақиқат арқылы бір рет дә­­лелдедік. Дәлелдедік деп батыл айта­тын себебіміз теңгені құнсыздықта ұс­таудың өзі инфляцияны тежеуші емес қоздырушы екенін саналы адам білуге тиіс. Бұған қоса айтарымыз, бүкіл дүние- жүзі дағдарысты кезең жағдайында өз валюталарын «үстеп қоректендіру» (став­ка рефинансирование) мөлшерін азайт­қан үстіне азайтып жатыр. АҚШ феде­ралдық қаржы жүйесі долларды үстеп қо­ректендіру мөлшерлемесін 0,25 пайыз, Еуробанк еуроны «қолдауды» 0,5 пайыз, Жапония иенаға «жәрдемді» 0,75 пайыз мөлшеріне дейін түсірді. Ал бұл көрсеткіш бізде әлі күнге дейін 8 пайыздан тө­мен­демей тұр. Бұл біздің ойымызша тек теңге ырыққа көнбей, шексіз құнсыздануға ұмтылған шақта ғана қолданатын сан.

Ал қазіргідей жағдайда Ұлттық банк став­касы 4 пайыз мөлшерінде болса да жетіп артылады. Неліктен Ұлттық банк бұл көрсеткішті түсірмей тұр? Бұл да бізге белгілі – оллигархтарды қолдаудың бір жолы осы. Олардың Ұлттық банк депо­зитаринде ұстаған ақшасына 8 пайыз «сыйақы»беріледі.

Осылайша біз Ұлттық банк және оның басшылығы инфляциямен күресуші емес оны қоздырушы қызметін атқарып жүргенін дәлелдедік қой деймін. Ал енді бізге қалай болғанда да инфляцияны тежеу ауадай қажет. Инфляция ең көп дегенде жылдық ішкі жалпы өнім өсімі­нің тең жартысынан аспауы керек. Биыл­ғыдай жағдайда ол бар-жоғы 3 пайызбен шектелуге тиіс. Бұлай жасауға бола ма? болады. Ол үшін:

біріншіден, мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің талқысына салсақ та «Ұлттық банк ставкасын» екі есе азайтуға тиіс­піз;

екіншіден, Марченконы қайтсек те доллар-теңге арақатынасын 1=148 дең­гейіне түсіруге міндеттеуі керек;

үшіншіден, аймақтар мен Астана, Ал­маты қалаларының әкімдіктеріне жыл­дық инфляцияны 3 пайыздан асырмау мін­деттелгені жөн;

төртіншіден, импорт тауардың кеден­нен өткендегі және ішкі базардағы ба­ғаларына мониторинг жүргізу басты жұ­мысымызға айналсын.

Оқырман байқаған шығар, инфляцияны тежеу мүлде қиын шаруа емес. Өкінішке қарай, инфляциямен күрес жүктелген Ұлт­тық банк басшылығы басты жауымыз­ды тежеумен емес, керісінше оны қоз­дырумен айналысып келеді. Яғни ұлт­тық мүддені жалпыхалықтық байлықты ба­уыр­ларына басып, «ішіп тоймаған­дар­дың жалап тою» мүддесіне бағындырып отыр. Солай, айтарын айттық. Не боларын кү­тейік.

 

 

Жұмабек ЖАНДІЛДИН

http://www.aikyn.kz

Рубрика: