Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_55c317f2dbcac0bf22ece0c89f074620Астана. 11 қыркүйек. Baq.kz – Президент Н.Назарбаевтың тарихты зерделеу жөніндегі тапсырмасы бойынша, Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің бастамасымен мұрағаттық құжаттарды зерттеу үшін ғалымдардан жұмыс тобы құрылды.

Жаңа жұмыс тобының Қытайға сапары аясында Цин империясының қазақ тарихына қатысы бар 283 томдық жалпы саны 72 мыңнан астам мұрағаттық құжаттарын елге әкелді. Құжаттардағы деректерге сүйенсек, 1730 жылдың соңы мен 1911 жылдың ортасына дейінгі кезеңдерде қазақ-қытай саяси, сыртқы саяси және экономикалық өзара қатынасы қалай өрбігендігіне куә боламыз.

Осы аталған құжаттардың біріндегі деректерге сүйенсек, ел билеушілері немесе елшілер арасындағы сұхбатты санониктер жазып отыратын болған. Бір мезгілде тәржімашылар манчжур, қытай, ойрат тілдеріне аударып отырған. Бұл жазбаларда ханның немесе елшілердің аты-жөні, қоластындағылардың қандай лауазым атқаратыны, қайдан келгені, немен айналысатыны сынды мәліметтердің бірі қалдырылмай көрсетілген.

«Мыңжылдық көкжиек» бағдарламасы аясында көрші елге сапарлай барған жұмыс тобы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен және Қытайдың Алғашқы Мұрағатымен келісім-шарттарды жаңартты. Бізге дейін бұл мұрағаттармен бір ғана АҚШ мемлекеті шартқа отырған екен.

«Бүгінгі таңда, Қытаймен қатар, Ресей, Франция, Голландия, Германия, Иран, Түркия, Үндістан, Моңғолия, сынды мемлекеттердің мұрағаттарымен келісім шарттар жасалып, кең ауқымды зерттеулер жүргізуге мүмкіндік ашылды. Негізінде көптеген мұрағаттар келісім-шартқа келісімін бермейді, әлі күнге шартқа отырғысы келмейтін мұрағаттар жетерлік», — дейді Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ошан Жанымхан.

Ғалымның айтуынша, алдағы уақытта жиналған тың деректер мұқият зерделенгеннен кейін ұлттық мұрағатымыздың қорын толықтырады. Сонымен қатар, бұл материалдар оқу орындарының бағдарламасына енгізіледі.

Ғабит ҚАРАБАЙ

Рубрика: