Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

0h8a7968richton_kz_001sҚазақтың ұлттық киімдері салтанатты шараларда ғана кәдеге жарамауы керек. Күнделікті жұмысқа ыңғайлы, сәнді етіп, тігіп алып, кисек жарасады.  Облыстық көрме орталығында ұлттық нақыштағы киімдерді паш еткен дизайнерлердің  ортақ байламы осы.  «Жібек жолы айшықтары» атты көрмеге жиналғандар жергілікті ісмерлердің интеллектуалдық қиялынан туған заманауи киім үлгілерін тамашалады. Сәні мен мәні үйлескен киімдердің үлгісі бірін-бірі қайталамайды.  Түгелдей ұлттық нақышта. Бүрмелі  көйлек,  түрлі-түсті тастармен безендірілген камзолдар. Бағзы замандағы батыр қыздардың жаңартылған киім  үлгілері мен  бүгінгі аруларға лайықталған көйлектерді  көрмеден көре аласыз. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Ержан Құдайберген ұйытқы болған. Көрмені өткізудегі мақсат  ұлттық киім үлгілерін көпшілікке ұсыну арқылы заманауи киім  үлгісін жаңғырту болып отыр. Малика Анарбаева жеті жылдан бері ұлттық нақыштағы әшекейлер жасаумен айналысады. Ол үшін ісмер түрлі түсті тастарды пайдаланады.  «Үйрек мойын», «қошқар мүйіз» сынды қазақы оюларды шебер жымдастырады. Мұндай дүниелерге жастардың сұранысы артқан. Көрмеге қатысушылар өздерінің қолынан шыққан туындылар арқылы қазақтың ұлттық киімдерін кең қолданысқа енгізуді діттейдi

http://zhebe.com/

Рубрика: