АЛТЫНОРДА
Новости

Ұлттық галереяда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған танымдық-тарихи кеш өтеді

Ұлттық галереяда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған танымдық-тарихи кеш өтедіАстана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен бүгін «Астана» ұлттық сурет галереясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған танымдық-тарихи кеш өтеді, деп хабарлады аталған басқарманың баспасөз қызметі.

Тарихи танымдық кеш осыдан бес жарым ғасыр бұрын құрылған Қазақ хандығы жөніндегі ең беделді әрі бірден-бір дерек — Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тариха Рашиди» еңбегінен алынған үзіндімен басталады. Содан кейін, Керей мен Жәнібек хандар тұсындағы қазақ мемлекетінің құрылған уақытынан қазақ халқының басынан кешкен ірі оқиғалары баяндалады. Оқиғаларды Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры әртістері сахналық қойылымдар арқылы суреттейді.

Сонымен қатар, кеште жыршы Алмас Алматов, дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали, Айгүл Елшібаева, «Алашұлы» тобы, «Наз» мемлекеттік би театры және т.б. өнер көрсетеді.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті мемлекеттік орган басшылары, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары мен қала тұрғындары шақырылады.

baq.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/ulttyik-galereyada-kazak-handyigyinyin-550-jyildyigyina-arnalgan-tanyimdyik-63592/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі