АЛТЫНОРДА
Новости

Ұлттық арна ұлық мерекеде көрермендеріне тарту дайындады

Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазақстан» Ұлттық арнасы өз көрермендеріне қызықты бағдарламалар дайындау үстінде. 23 наурыз күні, сағ: 21:05-те «Жұлдызды сәт» мегажобасы тұсауын кеспек. Бұл жобаға өз өнерімен тәнті етуді армандайтын кез-келген еліміздің азаматы қатысуға мүмкіндік алды. Іріктеуді Алматы қаласынан бастаған шығармашылық топ, еліміздің түкпір-түкпірінен таланттар іздеді. «Жұлдызды сәт» қарапайым адамдардың ерекше өнері мен дарынын, күш-қуаты мен талантын дүйім жұртқа паш етуге мүмкіндік беретін мега жоба. Сонымен қатар арнайы тележобалар, думанды концерттік бағдарламалар және қазақ киносының «Наурыз тарту» атты апталығы өтеді. 1 апта бойы көрермен қауым отандық үздік фильмдерді, қазақ кино өнерінің шоқтығы биік туындыларын көре алады.

18 наурыз 00:20- да «Наурыз тарту»


Жерар Депардье, Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов, Наталия Арынбасарова, Наталья Гвоздикова «Жиде. Кешіккен махаббат» комедиясында. Режиссері: Сәбит Құрманбеков
Бұл – біздің қарттарымыздың бүгінгі күні жайындағы мейірімге толы лирикалық хикая; олардың күнделікті өмірінің қайшылықтары мен шырғалаңдары, жайма-шуақ қарым-қатынастары, қуанышты сәттері мен болашаққа деген өшпейтін үміт оты жайында.Оқиғаның өзегіне жастайынан дос үш қарияның біреуі – Қалтайдың бағы жансын деген ниетпен оны үйлендіріп тынуға бәс тіккен қарттардың шешімі негіз болады. Бірақ, олар өздерінің адам нанғысыз күлкілі әрі шытырман оқиғаға тап болатындарынан мүлдем қаперсіз еді. Өйткені оқиғаның бұлай өрбуіне тікелей Махаббат атты сезім кінәлі болып шығады.

19 наурыз 22:55-те «Наурыз тарту»


Аянат Есмағанбетова, Куно Беккер, Досхан Жолжақсынов, «Көшпенділер» тарихи драмасында Режиссерлері: Сергей Бодров, Иванн Пассер, Талғат Теменов.

Қазақ халқының тарихы, сонау XVIII ғасырда қазақтардың Мемлекеттік сапасының қалыптасуы туралы баяндалады. «Көшпенділер» фильмінің негізіне нақты тарихи жағдайлар, XVIII ғасырда қазақ жерінде өткен азаттық үшін күрес, қазақтардың жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысы арқау болған. Фильм кейіпкерлері өмірде болған тарихи тұлғалар: Әбілқайыр хан, Абылай хан, дана Төле би, жоңғар қолбасшысы Қалдан Церен.

Фильмдегі басты кейіпкер Абылай ханға айналған Мансұр нағыз халық сардарының пешенесіне тесілі барлық сынақтан абыроймен өтеді. Ол қаһарман қыз Гауһармен арада өрбитін лирикалық желі үдесінде өзінің жеке басының тартымдылық қасиеттерін де жоғалтпайды.

20 наурыз 23:55-те «Наурыз тарту»

Асанәлі Әшімов, Александр Феклистов, Ержан Түсіпов «Сіз кімсіз, КА мырза?» драмасында. Режиссері: Хуат Ахметов
Пойыздағы бір қарт кісінің жанында ашық жарқын, әңгімешіл жігіт отырады. Бірақ жүзі жылы көрінгенімен оның ішінде не ойы бар екенін ешкім білмейді. Бұл адамның қауіпті екеннен ел-жұрт бейхабар…
21 наурыз 17:50-де «Наурыз тарту»


Сануржан Сулейменов, Жанель Аликова, Жүрсін Ерман «Аңшы бала» балалар фильмінде («Қазақфильм», 2011 ж.) Режиссерлері: Ерлан Нұрмұхамбетов, Бегарыс Елубай
Қала баласы Қамбар жазғы демалыста ауылдағы атасына келеді. Сонда жүріп Самал атты қызбен танысады. Бір күні Самалдың лағын қасқыр жеп кетеді. Ашынған Қамбар мен Самал қасқырдың ізіне түседі. Қамбар атасының мылтығын ала шығады…

22:20-да «Наурыз тарту»

Ерболат Тоғұзақов, Орынбек Молдахан, Исабек Әбілмажинов
«ШАЛ» драмасында Режиссері: Ермек Тұрсынов. Бұл фильм Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасының желісі бойынша түсірілген. Бірақ, мұнда оқиға теңізде емес, сайын далада өтеді. Мұнда шал мен келіні және немересінің өмірі бейнеленеді. Фильмнің идеясы «адамды өлтіруге болады, бірақ, оның рухын жеңе алмайсың» дегенге саяды.

02:00-де «Наурыздағы қарбалас» арнайы тележоба
Бір үлкен отбасының Наурыз мерекесін қарсы алуы жайында болмақ. Атасы немересін сол күнге арнап сүндетке отырғызуды ұйғарады. Отбасы мүшелері кең дастарханда бас қосып мерекенің соңы тойға ұласады.
Рөлдерде: Сафуан Шәймерден, Жанар Айжанова, Жанатбек Бәйтек, Рамазан Стамғазиев. Режиссері Серік Ыбрайым
03:00-де «Наурыз – Думан» думанды- сазды бағдарлама.
05:20 «Айтуға оңай» мерекелік жоба

Наурыздың 21-і күні сағ: 21:05 пен 22:00-де және 22-сі күні сағ: 12:45 пен 16:00-де тікелей эфирде «Армысың әз Наурыз!» атты мерекелік жоба.

Студияға қонақтар шақырылады (қоғам және мемлекет қайраткерлері, депутаттар, өнер адамдары, этнограф-ғалымдар, түрлі саланың өкілдері), студияға келген адаммен сұхбат, сюжеттер беріледі. Жастардың қатысуымен Флеш-моб ұйымдастырылады.
 

22 наурыз
«Наурыз қазақ жерінде!» атты телекөпір өтеді
08:45-те «Наурыз қазақ жерінде» Астана – Ақтөбе
09:35-те «Наурыз қазақ жерінде» Астана – Қарағанды
13:00 -де «Наурыз қазақ жерінде» Астана – Шымкент
15:05 -те «Наурыз қазақ жерінде» Астана – Тараз
15:50 -де «Наурыз қазақ жерінде» Астана – Қызылорда
16: 15 -те «Наурыз қазақ жерінде» Астана – Маңғыстау
20:00 -де «Қазақстан – Монғолия» телекөпір
08:55 пен 22:55-те «Жыл иесі – жылан» арнайы мерекелік жоба
Жылан жылының тарихтағы орны;
Жылан туралы аңыз-әпсаналар;
Жыланның өзіндік қасиеттері қандай;
Жылан жылы туғандар не дейді;
Жылан жылы қандай болмақ (жұлдыз жорамалшы) т.б. айтылады

09:55-те «Наурыз тарту»


Нұрмұхан Жантөрин «Сұлтан Бейбарыс» тарихи фильмінде.
Режиссері: Болат Мансуров
XIII ғасыр. Жерорта теңізіндегі ең үлкен флоттың егесі, Мысыр елінің билеушісі, теңдесі жоқ Бейбарыс сұлтан патша тағына дейінгі өмір жолын есіне түсіреді. Билік атаулының бейшаралығын, ең жақын деген адамдарының ішінде де сатқындыққа бейім тұратын адамдардың болатынын ол атақ-даңққа ие болған кезде бір-ақ көз жеткізеді. Шығыс аңызына сенсек, осы кезде Бейбарыс сұлтан патша тағын тастап, бір заманда жаулаушыларға өзі қолды болған қыпшақ даласына бет түзейді-мыс…

16:30 бен 17:45-те Екі бөлімнен тұратын «Көктем шуағы» атты мерекелік концерт.
23:45-те Футбол сүйер қауым үшін 2014 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу турнирін тікелей эфирде тамашалауға шақырады. Алаңда – Қазақстан-Германия.

23 наурыз
10:25- те «Наурыз тарту»


Б. Сегізбаев, Б. Римова Қ. Қожабеков «Менің атым Қожа» фильмінде. Режиссері: А. Қарсақбаев
Қожа – ауылдың сыйлы азаматы болған Қадырдың баласы. Мектепте Қожа сотқар бала болады. Соған қарамастан, басты кейіпкеріміз шын жүректен түзелгісі келеді. Қасында Сұлтан деген досы жүрген кезде, бұл іс оған мүлдем қиынға соғады…
21:05 «Жұлдызды сәт» мегажобасының тұсаукесері!
Бұл шетелдік «Біз таланттарды іздейміз» тележобасы әлемнің қырық елінде көрсетіледі екен. Әлемдегі алғашқы нұсқасы «Got talent» жобасы деп аталды.

22: 10-да «Наурыз тарту»


Асылхан Төлепов, Әлия Әнуарбек, Аян Утеберген, Құралай Анарбекова, Тілектес Мейрамов, Төлеубек Аралбай, Нұрлан Әлімжанов, Берік Айтжанов «Жаужүрек мың Бала» тарихи драма. Режиссері: Ахан Сатаев
Фильм қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді.Кино желісі бойынша, осы соғыста ел үшін күрескен жауынгер ер- азаматтар қатарында, жаужүрек Сартай батыр да өзіндей өрімдей жас, жеткіншек сарбаздарды ту көтеріп, жорыққа бастап шығады. Мың бала атанған Сартай жасағы қарасы әлдеқайда көп жауға азғана қол қарсы шауып, арасалмақты қазақ әскері пайдасына өзгертеді

24 наурыз
08:50-де «Наурыз тарту»

Орынбек Сатанбаев, Мөлдір Мырзақасымова «Бәйтерек» мелодрамасында. Режиссері: Данияр Саламат
Төртінші сыныпты тәмамдаған қала баласы Санжар ауылдағы әжесі мен атасына келеді. Ауылдан жаңа достар табады. Бірақ, ата-ананың қамқорынан айырылған бала үшін жаңа жерде өмір сүру аса оңайға соға қоймайды. Ата-анасын қатты аңсаған бала ең биік жерге шығып, тілек тілесем арманым орындалар деп ойлайды. Астананың тұмарына айналған Бәйтерек ғажайыпқа апарар жол секілді көрінеді…

http://ult.kz/kz/article/view?id=1179