Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Батыс пен Ресейдің Украинаға бай­ланысты теке тіресіне нүкте қойылар емес. Тіпті Украинадағы жағ­дай реттелгенше сағызша со­зыла беруі мүмкін. Бұл біздің ша­руа емес деуге де болар. 

Бірақ ба­сында АҚШ тұрған Еуропа ел­дерінің Ресейге қарсы әр ба­ғытта санкция жариялай баста­уының соңы біз үшін де үлкен қауіп болып тұр. Егер АҚШ-пен Еуроодақ санк­цияның үшінші кезеңін жүзеге асыратын болса, онда міндетті түрде Ресей кө­мір­сутегі шикізатына құрсау қойы­лады. Онда біздің де асығымыз алшысынан түспесі хақ. Зиянын шегеміз. Себебі Ре­сеймен біріккен Каспий құбыр консор­циумы арқылы жылына 32 миллион тон­на көлемінде қара алтынды Еуропа елдеріне шығарып отыр­мыз. Егер бұл бағыт тоқ­тайтын болса, мұнай долларының көбі­нен қағыларымыз белгілі.

Мемлекет бюджеттің біраз бөлігі мұ­найдан түсетін қаржыдан тұратынын ес­керсек, елдегі жағдайдың күрт қиын­дайтыны белгілі болмақ. Демек, біз өзге балама бағыттарға шикізаты­мызды жіберудің жолын жедел қолға алуымыз керек. Бұл кезек күттірмейтін мәселе. Ол – қазақ мұнайының үштен екісіне иелік ете бастаған Қытайға қара ал­тынды молынан жіберу. Батыстың Иранға қарсы қойылған санк­циясы алынып тасталса, Ақтау арқылы Иранның Нека портына жеткізу. Бұдан қалаберді тан­кермен Әзірбайжанға, Грузияға тасымалдау. Одан ары, кезінде Ресейді айналып өту үшін салын­ған Баку-Тбилиси –Жейхан құ­бы­рымен Батысқа шығу. Грузия жері ар­қылы Түркияға өз шикізаты­мызды жеткізуге болады. Демек, Батыстың Ресейге қарсы қолда­ны­луы мүмкін санкциясын айна­лып өту үшін, біз осы бастан мұ­найды Ресей арқылы емес, оған балама болатын өзге жолдар есе­бінен сыртқа тасымалдауды ой­ластыруымыз қажет. Мұны са­рап­­шылар да жоққа шығармайды.

Илияс ИСАЕВ, қаржыгер-сарапшы:

– Егер Батыс әлемі Ресейге қар­сы энер­гия ресурстарына санк­ция қолда­натын болса, оның салқыны бізге тимей қоймайды. Қалай десек те, әлі күнге Ресей сияқ­ты Қазақстан да шикізат ота­ны. Бұдан әзірге құтыла қойған жоқ­пыз. Бірақ санкциядан құты­латын жолдар бар­шылық. Ол мұ­найды сыртқа шығаратын бағыт­тарды өзгерту. Мәселен, Ресей ар­қылы өтетін Каспий құбыр кон­сор­циумы арқылы Қазақстан кем дегенде 32 млн тонна мұнайды айдап келсе, енді сол көлемдегі мұ­найды шетелге басқа жол ар­қы­лы шығаруға тура келеді. Мы­салға, Қазақстан мұнайын мо­лы­нан қарпып отырған Қытай. Бей­жің қазір жаңы­лыспасам елі­міздегі мұнай секторының 30-40 па­йызын иеленеді. Біз осы бағыт­қа күш салуымыз керек. Сонда Батыстың Ресейге қарсы құрсауы бізді айналып өтеді. Әрине, Иран, Әзірбайжан, Грузия арқылы да мұнайдың біраз бөл­шегін сыртқа шығаруға болады. Бізге ең бас­ты­сы – мұнай бағасы­ның осы дең­гей­де қала беруі. Егер де оның ба­ғамы күрт төмен­дейтін болса, на­ғыз дағдарыс сол кезде баста­лады.

Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:

– Біз қашан да кез келген жағдайдың алдын алуға тиіспіз. Рас, Батыстың Ре­сейге қарсы кө­мірсутегі шикізатына байланысты санкциясы жүзеге асып жатса, онда зиянын шегеріміз хақ. Не істеу керек? Әрине, мұнайды экс­порт­таудың балама жолын қарас­тыру қажет. Ол Әзірбайжанға және Грузияның Батуми портына танкер арқылы жеткізу. Одан ары Баку- Тбилиси-Жейхан құбырына қосылу. Содан кейін, Шығысқа, Қытайға мұнай айдайтын Атасу-Алашанькоу мұнай құ­бырының мүмкіндігін арттыру қажет. Ол құбыр бар мүмкіндігімен жұмыс істесе жылына 20 миллион тонна мұнай жіберуге болады. Тағы бір бағыт Өзбекстан мен Пәкстанды басып өтіп Үнді жеріне де шикіза­тымызды пұлдауға болады. Ке­зінде бұл елдердің елшілері де осы мәселені көтерген. Соны нақты­лайтын кез келді. Біз тек Ресей деп соларға жалтақтап отыра бе­руімізге болмайды. Онда ұтылыс кө­бейеді. Кез келген дүниені өз мүд­демізге оңтайландырып қа­растыруымыз керек.

Қазіргі таңда Үкіметтің негізгі назар аударатын мәселесі осы болуы тиіс деп ойлаймын. Себебі біз әлі де мұнай мен газдан түсетін қаржыға тәуелді шикізат еліміз.

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/46872

Рубрика: