Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«ҰЛТ» порталының редакциясына                                        

Құрметті редакция!

Қоғамымызда ұлт тілі жайлы сан түрлі шаралар, жиындар өтуде, баспасөз бетінде көптеген мақалалар жазылуда, десек те мемлекеттік тіліміздің,ұлттық рухымыз бен діліміздің өзінің лайықты орнын ала алмай жүргенін қынжыла айтуымыз керек. Бұған кінәлі өзіміз десек,қателеспесіміз анық. «Ұлт болам десең,әуелі бесігіңді түзе»,-деп ұлы М.Әуезов айтқандай,біз барша істі отбасынан бастауға тиіспіз. Әрбір шаңырақта өз ана тілімізде сөйлеп,өз тілімізді дамытуға кім кедергі? Бұл тұста бізге ұлтжандылық пен ұлттық рух жетіспейді.

Әрине,еңсені езген енжарлық. «Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,ең әуелі өз тіліңді дұрыста»,-деген өлең жолдары бізге арнап айтылғандай. Сірә,біздің ұлттың бойындағы рух,қасіретті Қаройда,Махамбеттің басы шабылғанда жоғалған тәрізді. Одан бері де жылжып жылдар өтті,сынаптай сырғып… Көкбөрінің көкжал ұрпағы,бүгінде тым бойкүйез болып,әлдінің аңысын аңдап,күштінің қабағын бағып күн кешетіндей.

Ұллтық рухымызды ұлықтауда «хас үлектен туған,қатепті қара нарларымыз» азайған тәрізді ме,қалай,-деп те қаласың. Дегенмен қазақ әдебиетінің қара нары Әбіштің, шындықшыл Шерханның, ұлт зиялысы А.Айталының, ұлт мақтанышы Тоқтардың,Фаризаның ірілікке шақырған үндеріне аға Мұхтар мен дара Мұхтардың, рух ауылын іздеп жүрген Сабыр Адай мен Серік Ақсұңқарұлының үні қосылып, әрбір жүрекке қуат беріп жүргені қуантады.

Сабыр Адайдың сөзімен «әр қазақ менің жалғызым»,-дейсің еріксіз. Сондықтан да әрбір қазақ азаматы өз отбасында,өз шаңырағында «Ұлың өссе ұлықтымен,қызың өссе қылықтымен ауылдас бол», «Ұлың ынтығып өссін,қызың тұншығып өссін», «Қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым», «Келінім саған айтам,қызым сен тыңда»,-деген бабалар өсиетін жадынан шығармауы тиіс.

Ұлттық рухты,тілді дамытуда ақ кимешекті әжелер мен абыз ақсақалдардың рөлін ұмытпаған жөн. Себебі алыс пен жақын, жақсы мен жаман, ар мен ынсап, қайырым мен мейірім, ізгілік пен бауырластық сезімі киелі шаңырақтан бастау алады. «Аталар сөзі-ақылдың көзі»,- деуіміз де содан. Инабат пен имандылық нұры әрбір жүрекке от бергенде ғана ұлттық рух оянып,ұлт мүддесі жеке бастың мүддесінен жоғары тұрады. Осынау игілікті істе біз, ұлт мүддесі үшін,ұлттық рухты көтеруде қандай іс атқардым деген сұрақты өзімізге ұдайы қоюымыз керек-ақ. Кешегі Елбасы  Жолдауындағы «Әрбір қазақ қазақпен,қазақша сөйлессін»,-деген Елбасы сөзін де есімізден бір сәт те шығармағанымыз дұрыс. Бабалардан қалған

«Жердің құты күйінде болады,

Елдің құты биінде болады,

Ердің құты үйінде болады»,-деген сөздерімен өз ойымды қорытындылағым келеді.Ұлттық рухымызды ұран етіп,тілімізді тұғыр ете білейік,ағайын!

Оқу жайындағы қызықты фактілер

12 Желтоқсан 2012, 11:15

Астана. 12 желтоқсан. BAQ.KZ

1. Максим Горький минутына төрт мың сөзден оқыған.

2. Сталин бір күнде 400 беттен оқыған және оны өзі үшін ең төменгі көрсеткіш деп есептеген.

3. Т.Эдисон 2-3 қатарды бірден оқыған және әр парақта не жазылғанын есінде жақсы сақтаған.

4. Ғалымдардың айтуынша, жылдам оқу көзді талдырмай, баяу оқығанмен салыстырғанда.

5. Адамзат баласының 95 пайызы баяу оқиды, минутына 280-220 сөз ғана (бір бетті 1,5-2 минут аралығында).

6. Баяу оқыған кезде мәтіннің 60 пайызы, жылдам оқығанда 80 пайызы есте қалады.

7. 60 минуттың 57 минутында оқушы адамның көзі мәтінде болады.

8. Бальзак 200 беттік романды жарты сағатта оқып бітірген.

9. Оқу кезінде адам көзі түрлі әріптерге түсіп, әр түрлі кескіндерді береді. Алайда, ми олардың барлығын біріктіріп, бір сурет етіп шығарады.

10. Э.Гаон деген адам өзі оқыған 2500 кітапты сөзбе-сөз жатқа білген.

11. Баяу оқитын адам мәтіннің бір қатарында 12-16 рет тоқтайды, жылдам оқитын адам 2-4 рет.

12. Н.А.Рубакин өз өмірінде 250 мың кітап оқыған.

13. Мектеп оқушысы бір қатарды оқығанда 20 рет шатасады, студент 15 рет.

14. Наполеон минутына екі мың сөз оқыған.

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы

Құрметпен Айтбенбетов Орынбек Орынбасарұлы

http://ult.kz/kz/article/view?id=1153

 

Рубрика: