Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Британиялық Guardian және Telegraph басылымдары 15 тамызға қараған түні «гуманитарлық жүк» тиеген 250 көліктен бөлек ресейлік әскери конвой Украина шекарасын кесіп өтті деп хабарлайды. Басылым тілшілері әскери көліктердің түн ішінде Донецк облысы аумағындағы шекараны қалай кесіп өткенін көргенін баяндаған.

Guardian басылымының хабарлауынша, Украинаға қара жолмен кірген 23 шамалы бронетранспортер сым темірді қиып кірген. Times басылымының дерегінше, оқиға кешкі сағат 10 кезінде болған.

Украина билігі мен батыс елдерінің үкіметтері Мәскеу «гуманитарлық көмекті» Украинаның шығысына басып кіру үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140815/330/330.html?id=26531644

Рубрика: