АЛТЫНОРДА
Новости

Украинадағы қиын ахуалға қарамастан Қазақстан өзара сауда-саттықты сақтап отыр

© aikyn.kzҚазақстанның инвестициялар және даму министрлігі Украинамен көлік құрастыру бойынша 15 жобада жұмыс істейді, — деп хабарлайды ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың сөзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Украинадағы ахуалдың барлық ауырлығына қарамастан, не дегенмен бізде олармен арадағы тауар айналым сақталып отыр, себебі ол жақта жабдықтаушы заттардың бір бөлігі және тіпті шикізат бөлігі Украинадан келіп түседі, сонымен бірге, біз де жеткізуді жалғастырудамыз»,— деді А.Рау сәрсенбі күні парламент мәжілісінің кулуарында.

Мұнымен қатар ол Қазақстанның Украинаға кокс жеткізуді жалғастырып, ал«ол жақтан бірсыпыра жабдықтаушыларды алып отырғанын» нақтылай өтті.

«Біздің министрлікте Украинамен жұмыста көлік құрастыру бойынша 15 жоба бар, яғни олар бізге шығатын жол іздеуде, және біз де бүгінде, мен өз басым 15 жобаны үйлестіріп отырмын, облыс бойынша бөлудеміз, Қазақстанның көлік құрастырушы кәсіпорындарының арасынан ықтимал серіктестерді табудамыз», — деп түйіндеді вице-министр.

ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан мен Украинаның тауар айналымы 2014 жылдың қаңтар-қарашасында $2,670 млрд құраған, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңінен 34,9%-ға кем. Қазақстанның сыртқы тауар айналымының жалпы көлемінде Украинаның үлесі 2,4%-ды құрады.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/ukrainadagyi-kiyin-ahualga-karamastan-kazakstan-ozara-sauda-sattyiktyi-saktap-62035/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі