Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

©REUTERSУкраинадағы ұрыстарға Қазақстан азаматтары қатысып жатқан жоқ, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов твиттер-чат барысында мәлімдеді.

Желі қолданушылары Сыртқы істер министрлігінің «Украинада соғысып жатқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексереміз» деген уәдесін елдің бас дипломатының есіне салды. Оған Ыдырысов: «Тексерудің нәтижесінде бұл ақпарат расталмады», — деп жауап берді.

Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Украинада қазақстандықтардың соғысып жатқаны туралы ақпаратқа күмән келтірген болатын. Мұндай қауесеттің тууына Украинаның ақпарат құралдары себеп болған еді.

Сондай-ақ, бұған дейін Украинаның оңтүстік-шығысындағы тұрғындарға гуманитарлық жүк жинаушы қазақстандықтардың даудың ортасында қалғаны хабарланған болатын. Оларға көтерілісшілерге көмек көрсетті деген айып тағылды. Украиналықтар үшін киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе қалаларында жинастырылған еді.

Еске салайық, Украинада 30 маусым күні 10 күн бұрын жарияланған ымыраласу мерзімі аяқталды. Бұл уақыт ішінде президент Петр Порошенконың бастамасы ақталмады — оқ ату тыйылмады, тараптар бір-бірін келісімді бұзғаны үшін айыптап жатыр.

http://alashainasy.kz/sabaktar/52051/

Рубрика: