Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Луганск облысында ДТЭКэнергетикалық компаниясының тоғыз шахтасы электр энергиясының үзіліп қалу қаупі болуы себебінен көмір өндірісін тоқтатты, 3 мыңдай шахтерлар эвакуацияланды, деп хабарлады ИТА-ТАСС.

«Көмір өндірісін тоқтатып, адамдарды жер бетіне шығаруға мәжбүр болғанымыз, ұрыс салдарынан  «Укрэнерго»компаниясына тиесілі екі жоғарғы вольттық электр тасымалдағыш желі зақымдануы болды. Луганск облысы үшін электр беретін жалғыз көз 12.30-дан 17.32-ге дейін Луганская ТЭСболды», — делінген хабарда.

Компания мәліметтерінше, екінші аусымда істейтін шахтерларды жер бетіне шығарды.

«ДТЭК «Ровенькиантрацит» және ДТЭК «Свердловантрацит»шахталарының екінші аусымы жер астына түскен жоқ, үшінші және төртінші аусым шахтерлері де жер астына түспейді. Барлығы 3 мың адам эвакуацияланды», — делінген ДТЭК баспасөз қызметінің таратқан хабарда.

Шахта әзірге тіршілікті қамтамасыз ету режимінде жұмыс атқарады (желдету, су сору).

РБКмәліметтерінше, 11 шілдеде Луганскі облысында шахтерлар бар автобус жарылуынан және ұрыс тікелей кәсіпорын маңында жүріп жатуынан көмір өндірісін 4 шахта тоқтатты. Бүгінге Луганскі облысында бір де кәсіпорын көмір өндіріп отырған жоқ.

26 шілдеде Луганскі қаласының аумағында орын алған қарулы қақтығыс салдарынан қала электр энергиясынсыз қалды.

 

ҚазТАГ

Казыкенова Айнур

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/54195

Рубрика: